Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Шетелге грантқа түскенін көре алмаған»: Жаңаөзенде 11 сынып оқушысын сыныптастары аяусыз ұрып-соққан
    Жаңалықтар

    «Шетелге грантқа түскенін көре алмаған»: Жаңаөзенде 11 сынып оқушысын сыныптастары аяусыз ұрып-соққан

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин18.04.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Shutterstock

    Жаңаөзенде 11 сынып оқушысы мен оның әкесі соққыға жығылған. Оқиға зардап шеккен оқушының үйінің маңында болған. Полиция аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды salemnews.kz

    Lada.kz редакциясына Жаңаөзендегі «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы соққыға жығылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

    Дереккөздің мәліметіне сай, 16 сәуірде түлекті құрдастары тап үйінің маңында соққыға жыққан. Бұған оқушының жақында шетел университетіне грантқа түскені себеп болған, деп жазады басылым.

    «Баласының соққыға жығылғанын көрген әкесі оған көмекке ұмтылған, алайда ол бір топ балаға шамасы жетпей, аяғынан жарақат алған.

    Қазіргі таңда зардап шеккен оқушы ата-анасымен бірге Жаңаөзен көпбейінді ауруханада жатыр. Ақпарат берген дереккөз оқу орнының әкімшілігі оқушыларға зардап шеккен оқушыға баруға және болған жайт туралы ақпаратты таратуға тыйым салғанын хабарлаған», — деп жазады басылым.

    Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасы Lada.kz тілшісіне ұсынған ақпаратта 11 сынып оқушысына бас-мидің жабық жарақаты, мидың шайқалуы, жарақат, бас терісінің париетальды аймағының тері астындағы гематомасы, бетінің, екі жағындағы параорбитальды аймақтың көгеруі, сонымен қатар сол жақ тізе буынының сыдырылуы деген диагноз қойылған. Ал әкесіне сүйек үзінділерінің ығысуымен сол аяқтың 2-ші жілік сүйегінің жабық ұсақталған сынуы.

    NUR.KZ Маңғыстау облысы полиция департаментіне ресми сұрау салған. Онда жанжалға қатысы барлардың барлығы анықталғаны айтылған.

    «Кәмелетке толмаған балалар полицияға ата-анасымен бірге жеткізілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу іс-әрекеттері жүгізіліп жатыр.

    Бұған қоса оқиғаға қатысы бар құқықбұзушылардың ата-анасы немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі мәселесі қаралады. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға бағыттау үшін материал әзірленіп жатыр. Барлық кінәлі тұлға тіркеуге алынады», — делінген ПД хабарламасында.

    білім грант Жаңаөзен
    Previous ArticleПавлодар университетінде оқытушылардың еңбек демалысы екі есе қысқартылған
    Next Article «Басынан ұрып, тепкілеген»: Сотта Шерзаттың өмірінің соңғы минуттары туралы айтылды
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.