Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Павлодар университетінде оқытушылардың еңбек демалысы екі есе қысқартылған
    Жаңалықтар

    Павлодар университетінде оқытушылардың еңбек демалысы екі есе қысқартылған

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин18.04.202511 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде Toraighyrov university 1225 қызметкерінің конституциялық құқықтарының бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды salemnews.kz

    Белгілі болғандай, университеттің педагогтарына заңмен көзделген демалыс мерзімдері екі есе қысқарған.

    Атап айтқанда, университеттің ұжымдық келісім-шартында Еңбек кодексін бұза отырып, педагогтарға тек 30 күн демалыс берілетіні көрсетілген, ал заң бойынша 56 күн берілуі тиіс.

    Сонымен қатар, мұғалімдер мен қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздық, жүктілік және босану жағдайларына байланысты демалыстарын қайтадан ауыстыруына тыйым салынған.

    Ал, аталған себептер бойынша демалыстарды ауыстыру Еңбек кодексімен де реттелген.

    Нәтижесінде, прокуратураның қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ұжымдық келісім-шартқа тиісті өзгерістер енгізілді, білім беру саласындағы қызметкерлердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді.

    еңбек демалысы Павлодар университет
    Previous ArticleҚазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
    Next Article «Шетелге грантқа түскенін көре алмаған»: Жаңаөзенде 11 сынып оқушысын сыныптастары аяусыз ұрып-соққан
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.