Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы көбейе ме?
    Жаңалықтар

    Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы көбейе ме?

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин15.04.202512 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөз

    жәрдемақылармен орта есеппен 851,4 мың отбасы жалпы сомасы 150,9 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 609,5 мың отбасы 131,5 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 241,9 мың адам 19,4 млрд теңгеге қамтылды, – деп хабарлайды salemnews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты негізінде.

    2025 жылдың наурыз айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 857 мың отбасы жалпы сомасы 51,1 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 614,8 мың отбасы 44,6 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 242,2 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.

    Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

    Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:

    — 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;

    — 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;

    — 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;

    — 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;

    — 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.

    Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

    Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

    • «Күміс алқамен» наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
    • «Алтын алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

    2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артты.

    Көпбалалы отбасы экономика
    Previous ArticleҮйге қайтарып жіберді: Танымал дәрігер ақ халаттылардың қолынан қаза тапты
    Next Article Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.