Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Елге көмек» қайырымдылық қорының жетекшісі қамауға алынды
    Жаңалықтар

    «Елге көмек» қайырымдылық қорының жетекшісі қамауға алынды

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин10.04.202531 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: скрин

    Желіде qazaq_robin_hood лақап атымен танылған «Елге көмек» қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариев қамауға алынды. Бұл туралы заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады salemnews.kz  Orda.kz-ке сілтеме жасап.

    «Қазақ Робин Гуд — Ілияс Сариев алаяқтық бабы бойынша ұсталды», — деп хабарлады ол.

    Алматы қалалық полиция департаменті аталған ақпаратты растады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    «Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты бөлімде алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты әрі объективті тергеуге бағытталған бірқатар тергеу шаралары жүргізілуде. Нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады»,  — деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

    Айта кетейік, бұған дейін «Елге көмек» қайырымдылық қоры дауға іліккен болатын. Әлеуметтік желіде қор қаржыны мақсатсыз жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Тіпті журналист Гүлмира Әбіқайға бірнеше адам хабарласып, алданып қалғандарын айтқан. Қор әлеуметтік желіде «үй алып бердік» деп есеп бергенімен, шын мәнінде ол үй иесіне берілмегені айтылды. Алайда қор жетекшісі Ілияс Сариев бұл ақпараттың барлығын жоққа шығарған еді.

    Елге көмек қайырымдылық тергеу
    Previous Article«4 отадан аман-есен өттім»: Қазақстандық трансгендер Ника Нет бет-әлпетін өзгертті
    Next Article Бас прокуратура Шерзат Полаттың ісіне қатысты деректермен бөлісті
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.