Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Аманаттың» логикасын түсінбедім. Бұл өңдеу өнеркәсібіне қарсы шығу — танымал кәсіпкер
    Жаңалықтар

    «Аманаттың» логикасын түсінбедім. Бұл өңдеу өнеркәсібіне қарсы шығу — танымал кәсіпкер

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин10.04.202512 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Даланьюс

    Алматыдағы вентилятор зауытының директоры, кәсіпкер Марат Баққұлов «Аманат» партиясының өңдеу өнеркәсібіне арналған корпоративтік табыс салығын (КПН) төмендету бастамасына қарсы шыққанына таңғалып отыр, деп жазады  salemnews.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

    «Шынымды айтсам, “Аманаттың” бұл шешіміне қайран қалдым. Үкімет өңдеу өнеркәсібінің КПН мөлшерлемесін төмендету жөнінде дұрыс бастама көтерген еді. Алайда билік партиясы оған қарсы шығып, «Қазақстанда кәсіпкерлерге онсыз да жеңілдіктер көп» деп отыр. Қандай жеңілдіктер туралы айтып отырғанын өзім де, әріптестерім де түсінбей далмыз”, – дейді кәсіпкер.

    Баққұловтың айтуынша, Қазақстанда өнеркәсіп орындарына ешқандай арнайы жеңілдіктер қарастырылмаған.

    Мәселен, қазір импортталатын станоктарға қатысты ҚҚС-ты есепке алу мүмкіндігі бар. Бірақ бұл тек өнеркәсіп үшін емес, мұнай-газ және тау-кен салаларына да ортақ норма.

    “Жаңадан зауыт немесе фабрика салған кезде ғана КПН бойынша кейбір шегерімдер бар. Бірақ бұл өте сирек болатын жағдай. Оның үстіне, бұл жеңілдік  тек өңдеу өнеркәсібіне арналған жоқ. Ал күнделікті өмірде біз керісінше, жалақы қорынан 40 пайызға жуық салық пен түрлі міндетті аударымдарды (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, медициналық сақтандыру) төлеуге мәжбүрміз”, – дейді Марат Баққұлов.

    Кәсіпкердің пікірінше, салық ауыртпалығы тек жұмысшылардың жалақысымен шектелмейді. Шикізатқа да көп шығын кетеді:

    “Мысалы, біз болатты 22 пайыз баж салығымен сатып аламыз. Алюминий мен мыс секілді шикізатқа да кемі 10 пайыз кедендік баж салығын төлейміз. Бұл салықтар тікелей Еуразия одағындағы олигархтардың қалтасына кетеді.

    Ал ең сорақысы – Қытайдан келетін дайын өнімдерге ешқандай баж салығы жоқ. Бұл біз сияқты отандық өндірушілерді ашықтан-ашық кемсітумен тең”, – деп қынжылады кәсіпкер.

    Оның сөзінше, “Аманат” партиясының ҚҚС межесін төмендетуге қарсылығы да ақылға сыймайды. Нақты сектордағы ірі кәсіпорындар бизнесті бөлшектеп, салықтан жалтара алмайды. 

    Ал қызмет көрсету мен сауда саласындағы ұсақ кәсіпкерлер, керісінше, өз бизнесін бөлшектеп, салықтан жалтарып жүр.

    “Біз әр жұмысшыға 40 пайыз артық шығын жұмсап отырмыз. Себебі салық пен түрлі төлемді адал төлейміз. Ал көлеңкеде жүрген кәсіпкерлер, керісінше, осыдан құтылады. Сонда партия қандай жеңілдік туралы айтып отыр?

    Керісінше, бүкіл өңдеу өнеркәсібіне нақты, тиімді жеңілдік беру керек. Бұл – Президент айтып жүрген ЖІӨ өсімін қамтамасыз етудің жалғыз жолы.

    Ал арнайы іріктелген бірнеше компанияға ғана жеңілдік жасаудан пайда жоқ”, – деп қорытындылады ойын Марат Баққұлов.

    Кәсіпкер бюджеттің кірісі бөлшектеніп, көлеңкеде қалған бизнестен, контрабандадан әлдеқайда көп шығын көріп жатқанын айтады. Сол себепті, “нақты өндірушілерді қолдайтын кез келді”, — дейді ол.

    Алматы Аманат партиясы Марат Баққұлов
    Previous ArticleАжырасқандар көп салық төлейді
    Next Article Нығматулиндер ісі: Мәжілістің экс-спикерінің ұлы мен егізіне қатысты арыздар әлі қаралып жатыр
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.