Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар» Қазақ тілін үйрету курсы: «Батыл бол» деректі фильмінің өндірісі жүріп жатыр
    Жаңалықтар

     Қазақ тілін үйрету курсы: «Батыл бол» деректі фильмінің өндірісі жүріп жатыр

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин09.04.2025282 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қазіргі таңда Ұлттық кино орталығының қолдауымен «Батыл бол» деректі фильмінің өндірісі жүріп жатыр. Туынды маңызды тақырыпты – қазақ тілін меңгеру мәселесін көтереді. «Батыл бол» фильмі – режиссер Татьяна Шишкинаның дебюттік жұмысы және ол мемлекеттік тілді үйренуге ұмтылған адамдардың тәжірибесімен таныстыруды мақсат етеді.

    Фильмнің тарихы автордың жүріп өткен жолымен тікелей байланысты. Ол қазақ тілін үйрену мақсатында Алматыда ашылған «Батыл бол» қазақ тілін үйрету клубына жүгінген. 2022 жылы клуб ашылған күні-ақ оған 300-ден астам адам өтініш қалдырған. «Батыл бол» клубы олардың барлығының тілдік барьерді еңсеруіне ақысыз септескен. Бұдан соң клубтың өзге қалаларда да филиалы ашылып, Қазақстанда танымалдығы артқан. Үйірменің негізін қалаушы – Алексей Скалозубов. Ол жастайынан қазақ тілін меңгеріп, күнделікті өмірде қолдануды армандаған. Алматыға арман арқалап, үйірме ашып, оның ісін ілгерілеткен. Бүгінде үйірмеге тіл үйренуге ынта танытқан әрбір адам қатыса алады. Оның ішінде әртүрлі этникалық топ өкілдері бар. Олар тек қазақ тілін ғана емес, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жіті зерделеуге ниетті. Фильмді түсіруге қозғау салған да осы дүние.

    Туынды авторы тек бұл фактілермен ғана шектелмей, еліміздегі тіл үйрену мәселесін терең талдауға тырысқан. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді игерудегі ішкі кедергілері мен қорқынышы қатар қозғалған. Деректі фильмнің түсірілімі Алматыдан бөлек, Астана, Ақтау, Орал және Атырау қалаларында да жүргізілді. Мұнда автор қазақ тілін үйренуге және өздерінің комплекстерін жеңуге талпынған адамдардың пікірі мен сезімін өзгеше жинақтайды.

    Айта кетейік, деректі фильм – өткен жылы питчингтен суырылып шыққан жобаның бірі.

    Батыл бол курс Қазақ тілі
    Previous Article«Салық пен бизнесті әбігерге салғанша, банктерді қысайық»: Ермұрат Бапи салықтан босатылғандарға қатысты ұсыныс айтты
    Next Article Енді байларға салық салынады
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.