Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Елдегі барлық дәретхананы бақылап отыру қолымыздан келмейді»: Туризм министрлігі Қазақстандағы туристерге жасалған жағдайлар туралы
    Жаңалықтар

    «Елдегі барлық дәретхананы бақылап отыру қолымыздан келмейді»: Туризм министрлігі Қазақстандағы туристерге жасалған жағдайлар туралы

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин08.04.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: “ҚазАвтожол”

    Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, бірнеше жылдан бері жол бойындағы дәретхана тапшылығы 490-нан 190-ға дейін азайған, деп жазды salemnews.kz

    Алайда санитарлық тораптарды орнату жергілікті әкімдіктердің құзырында. Министрлік тек ескертіп, тексеріс жүргізе алады дейді вице-министр.

    Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Үкіметте өткен брифингте туризм және спорт вице-министрінен елде жол бойындағы дәретханалар сияқты қарапайым жағдайлар жоқ кезде туризмді қалай дамытпақ екенін сұрады. Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, 2021 жылдан бері жол бойындағы дәретханалар тапшылығы 490-нан 190-ға дейін азайған.

    «Егер сіз санитарлық тораптар туралы айтып тұрсаңыз, санитарлық тораптарды жергілікті атқарушы органдар салады. Біз, әрине, ескертіп, қай жерде жетіспейтінін анықтап, инспекциямен барамыз. Кей жерлерде су өшіп қалады, кейде сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлер әртүрлі себептермен жұмысқа шықпай қалады. Елдегі барлық дәретханаларды бақылау Туризм министрлігінің қолынан келмейді. Дегенмен белгілі бір ілгерілеу бар», – деп жауап берді вице-министр.

    Ведомство өкілі заңнамаға туризм және спорт министрлігіне инфрақұрылымды қаржыландыруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілетінін айтты.

    «Министрлік ретінде бізде бөлек бюджеттік бағдарлама пайда болады. Біз өзіміз құрылыс жүргізбейміз, бірақ ең болмағанда туризм саласындағы қажет инфрақұрылымды қаржыландыра аламыз. Бүгінге дейін біз ештеңе салған жоқпыз, бірақ қаржыландырмаған да едік», – деді Ержан Еркінбаев.

    Еске салайық, бұған дейін қоғам белсендісі Абай облысында орнатылған құны пәтердікімен бірдей «ең қымбат» дәретхананы көрсетті. Бірақ қыруар қаржыға салынған дәретханада қарапайым унитаз да жоқ болып шықты. Дидар Смагуловтың сөзінше, 31 562 600 теңгеге салынған дәретханада қарапайым унитаз да жоқ.

    дәретхана ҚазАвтожол Қазақстан
    Previous ArticleНұрлан Сегізбаев бойын меңдеген ауыр дертпен күресуде
    Next Article Президент Павлодар облысының әкімін қабылдады
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.