Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандықтар той мен отбасылық мерекелерге жылына 1 миллион теңге жұмсайды – Зерттеу
    Жаңалықтар

    Қазақстандықтар той мен отбасылық мерекелерге жылына 1 миллион теңге жұмсайды – Зерттеу

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин07.04.202532 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Istock.com

    ҚБТУ түлегі Дарина Мамырова қазақстандық отбасылар түрлі мерекелер мен тойларға жұмсайтын ақша туралы зерттеу дайындап, әр отбасы жыл сайын орташа есеппен 1 ​​012 429 теңге жұмсайтынын анықтады, деп жазды salemnews.kz

    Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

    Салтанатты іс-шаралар, оның ішінде үйлену тойлары, мерейтойлар, жерлеу, қоныс тойларға, т.б. ай сайынғы шығынның 30-40%-ы кетеді. Жан басына шаққанда мерекелерге жұмсалатын жылдық сома – шамамен 78 184 теңге.

    Ең көп шығындалатын той – үйлену тойы. Қыз ұзату орта есеппен 1,75 миллион теңге болса, үйлену 1,68 миллион теңге болады.

    Қоныс той немесе көлік алғанын тойлауға шамамен 1 миллион теңге жұмсайды.

    Мерейтойлар шамамен 834 мың теңгеге бағаланады. Жерлеу рәсімін өткізу 820 мың теңге тұрады. Баланың туған күнін тойлауға кететін шығын – орта есеппен 523 мың теңге.

    Қазақстандықтар қонақ болғаны үшін де шығындалады. Мысалы үйлену тойға қонақтардың сыйлығы – шамамен 927 мың теңге. Ал бесік той сынды қуанышқа 362 мың теңге жұмсайды.

    Қазақстандықтардың қарызы

    Зерттеуге сәйкес, елдегі отбасылардың 30%-ының негізінен банктерден (66%) және микрокредиттік ұйымдардан (17%) алған несиелері бар. Дегенмен жалпы Қазақстан бойынша ресми статистика халық арасындағы берешек деңгейінің әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. 

    • Елдің ересек тұрғындарының 84%-ында қарыз бар.
    • 90 күннен астам қарызын кешіктірген несие төлемдері – 1,4 трлн теңге.
    • 1 миллион 700 мыңға жуық адам несиесін уақытында төлей алмай отыр.

    2023 жылдың наурыз айынан бері жеке тұлғалардың банкроттығына 77 мыңнан астам өтініш берілген.

    Алайда зерттеу авторы мереке мен той үшін арнайы алатын несиелерді таппады.

    Сараптамаға сәйкес, жас отбасылар мерекелерге ақшаны көбірек жұмсайды. Ал жасы үлкен және отбасы мүшелерінің арасында қарт туыстары бар жанұялар салтанатты шараларға аз жұмсайды.

    Зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың көбіне несиені пайдаланбай, өзі жинаған ақшасын немесе алған сыйлықтарын пайдаланып, ауқымды той ұйымдастыруды жөн санайтынын көрсетеді. Бұл ретте халықтың қарыздарының артуы басқа да әлеуметтік-экономикалық факторлармен, соның ішінде тұтынушылық несиелердің өсуімен және көпбалалы болуымен байланысты.

    Қазақстан той экономика
    Previous ArticleҮкіметте ауыл шаруашылығы мәселесі қаралды
    Next Article Министрлік Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен маңызды келісім жасады
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.