Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Перизат Қайратқа қатысты тергеудің қорытындысы шықты
    Жаңалықтар

    Перизат Қайратқа қатысты тергеудің қорытындысы шықты

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин04.04.202502 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөз

    2025 жылы 14 наурызда Қайрат П. пен Алашбаева Г. әрекеттері сарапталып, олар алаяқтықтың аса ірі көлемде жасалуына және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыруға күдікті деп танылды, деп жазды salemnews.kz

    Перизат Қайрат 2021-2024 жылдар аралығында көп рет қайырымдылықк өмек көрсету мақсатында халықтан ақша жинауға шақырған. Оның айтуынша, бұл қаражаттар мұқтаж балаларға, Палестина және су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмсалмақ болған.

    Жалпы ұрланған қаржы көлемі 3,5 млрд теңгені құрады.

    Қайрат П. «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорына түскен қаражатты өз жеке және анасы Алашбаева Г-ның есепшоттарына аударып, кейін оларды зергерлікб ұйымдарға, киім-кешекке, жиһазға, саяхаттарға, жөндеу қызметтеріне, автокөлік жалдау және басқа да шығындарға жұмсаған.

    Айта кетейік, 2024 жылы 1 сәуір мен 15 қараша аралығында Қайрат П. сутасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» ҚҚ-ның есепшотына 2,8 млрд теңге жиналып жымқырылғаны анықталды.

    Қылмыстық табысты жымқыру мақсатында ол 16 серіктес жеке кәсіпкерлермен металдан жасалған киіз үйлер, қайықтар, етіктер және басқа да заттарды жеткізу жөнінде жалған келісімдер жасасқан. Алайда бұл келісімдер іс жүзінде орындалмаған.

    Нәтижесінде миллиард теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, жеке мақсаттарына жұмсалған.

    Осы соманың 72 млн теңгесі оның анасы Г.Алашбаеваның есепшотына «Солтүстік Қазақстан облысындағы зардап шеккен тұрғындарға тұрмыстық техника алу» деп аударылған.

    Ақшаның бір бөлігіне сомасы 6,9 млн теңге құраған «Rolex» сағатын сатып
    алуға жұмсалған. Палестинаға көмек көрсету үшін жиналған қаражаттың бір бөлігі 2024 жылдың қаңтарында П.Қайрат «Rebel flowers» ЖШС-ін сатып алуға жұмсалған.
    Оның құны 23 млн теңге болса да, ол келісім-шартта күдік туғызбау үшін 2 млн
    теңгеге төмендетілген соманы көрсеткен. Гүл бизнесінен түскен табысы 69 млн
    теңгені құрады.

    Сонымен қатар, ұрланған қаражатқа 4 автокөлік, 4 пәтер, 2 автотұрақ орнын,
    үй, жер телімін және ғимарат сатып алынған. Сондай-ақ, жалпы құны 158 млн теңге болатын зергерлік бұйымдар, аяқ киім және сөмкелер тәркіленді.

    Жалпы құны 865 млн теңгені құрайтын қылмыстық жолмен алынған Мүлікке тыйым салынды.

    Г.Алашбаеваға қатысты үй қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.
    Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша барлық қатысушылар іс материалдарымен
    танысуда.

    алаяқтық қайырымдылық Перизат Қайрат
    Previous ArticleТоқаев Мирзиёевпен кездесті
    Next Article «Трамптың саясатын сынға алды»: Сенатор 25 сағат 4 минут бойы мәлімдеме жасап, рекорд орнатты
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.