Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Сатып кетуі оп-оңай»: Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастарды «қауіпті» деген жазбасы тексеріліп жатыр
    Жаңалықтар

    «Сатып кетуі оп-оңай»: Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастарды «қауіпті» деген жазбасы тексеріліп жатыр

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин04.04.202541 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: инстаграм

    Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызының Қытайдан келген қазақтар туралы мәлімдемесі желіде қызу талқыланып жатыр. Енді полицейлер қандастар туралы «қауіпті» деген жазбаны тексеруге кірісті. Бұл туралы salemnews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Сәуле Әбілдаханқызы Facebook парақшасынанда Қытайдан келген қандастарды мемлекет саясатына араластырмау керек екенін айтты.

    «Қытайдан келген қандастарды мемлекет саясатына араластырмау керек. Моральдық қақысы жоқ. Үш-төрт ұрпақ ауысқанда болмаса. Олар «Қытай мектебін» көргендер. Өте қауіпті адамдар. Сатып кетуі оп-оңай. Сондайлардың мыңын жеке білемін», – деді Сәуле Әбілдаханқызы.

    Сәуле Әбілдаханқызы Қытайдан оралған азаматтарсыз-ақ Парламенттің жұмысы жүреді деп, қандастардың шамына тиетін сөздер жазған. Журналистің бұл жазбасы оқырмандардың наразылығын туғызды. Әсіресе, көрші елден Отанына оралған қазақтардың ашуына тиген. Көп ұзамай автор постын өшіріп тастаған. Ал Алматы полиция департаменті қызу талқыға түскен жазбаны тексеріп жатыр.

    Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отанына оралған қандастар ел заңына бағынуға тиіс екенін айтқан еді. Президент елімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты мызғымастай орнығуға тиіс екенін айтты.

    журналист қандас Сәуле Әбілдаханқызы
    Previous ArticleҚорғаныс академиясынан оқытушының мәйіті табылды
    Next Article Қытайда ағза донорларының саны 7 миллионнан асты
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.