Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылордада жыныстық құлдықта болған қыз ісі: Сот үкімі шықты
    Жаңалықтар

    Қызылордада жыныстық құлдықта болған қыз ісі: Сот үкімі шықты

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин03.04.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Pixabay.com

    Қызылорда облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адамдар тобына, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты ауыр қылмыстар бойынша іс қаралды, деп хабарлайды  salemnews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

    Іс қандай баптар бойынша қозғалды?

    Сотталушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды:

    • 194-бап – ірі мөлшерде пайда табу мақсатында қорқытып алушылық;

    • 110-бап – кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау;

    • 134-бап – кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту.

    ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 29-бабына сәйкес, іс жабық сот отырысында қаралды. Сотталушылардың кінәсі қалай дәлелденді.

    Іс барысында сотталушылардың кінәсі мынадай дәлелдермен расталды:

    — оқиға орнын қарау хаттамалары; — бейнежазбалар; — WhatsApp арқылы жіберілген хат-хабарлар;

    — банктік шоттар бойынша үзінді көшірмелер;

    — сараптама қорытындылары; — жәбірленушінің жауабы.

    Прокурор қандай жаза сұрады?

    Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды кінәлі деп танып, келесідей жаза тағайындауды сұрады:

    • М.Н., А.Ж., Қ.Д. – 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру;

    • Б.А. – 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру;

    • Т.Ұ. және Қ.А. – 4 жыл бас бостандығынан айыру;

    • Т.А., Б.А. және Т.Д. – 8 жыл бас бостандығынан айыру.

    Сот шешімі қандай болды?

    Жаза тағайындау кезінде сот бірнеше жеңілдететін мән-жайларды ескерді:

    — М.Н., А.Ж., Қ.Д., Б.А. – кәмелетке толмағандар;

    — Т.Ұ. және Қ.А. – жасаған істеріне шын жүректен өкінген.

    Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. ҚР ҚК-нің 55-бабына сәйкес, мұндай жағдайда жаза мерзімі бапта көрсетілген ең жоғары мерзімнің үштен екісінен аспауы тиіс.

    Сот үкімі:

    • М.Н., А.Ж., Қ.Д. – 134-баптың 3-бөлігі 1),2)-тармақтары, 194-баптың 3-тармағы 2)-тармақшасы, 110-баптың 2-тармағы 1)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    • Б.А. – 194-баптың 2-бөлігінің 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бұл үкім заңды күшіне енген жоқ.

    • Т.Ұ. және Қ.А. ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 194-бабы 2-бөлігі 1),2)-тармақшалары бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

    • Т.А., Б.А. және Т.Д. ҚК-нің 134-бабы 3-бөлігі 1)-тармағы және 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Қызылорда қылмыс сот
    Previous Article«Қазақмыс» корпорациясында басшылар саны қысқартылады
    Next Article Қорғаныс академиясынан оқытушының мәйіті табылды
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.