Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Түркістандағы аяқсыз қалған 9 миллиард теңгелік жағажайдың жағдайын көрген қазақстандықтар жаға ұстады
    Жаңалықтар

    Түркістандағы аяқсыз қалған 9 миллиард теңгелік жағажайдың жағдайын көрген қазақстандықтар жаға ұстады

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин02.04.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Stan.kz

    «Әділдік жолы» басшысы Дидар Смагулов желідегі парақшасында Түркістандағы аяқсыз қалған жағажайдың суреттерін жариялап, оны «Шөкеев жағажайы» деп атады. Өйткені бұл жобаға қаржы Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тұрған кезде бөлінген. Қоғам белсендісі қазіргі жағажайдың жағдайы көңіл көншітпейтінін айтады. Бұл туралы  salemnews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Желіде оқырмандар мұндай заңсыздықтардың тоқтату керек екенін жазды.

    “Бұрын көбінесе жұмыстарды нашар жасап, аздап ұрлайтын. Қазір болса, ашық түрде ұрлап жатыр. Неге екені белгісіз, ешкімнен қорықпайтын сияқты…”, “Олардың ойынша, кім демалуы керек еді?? Әлемнің түкпір-түкпірінен туристер келуі тиіс пе екен?”, “Әуелі дереу жасаған жоқ, ал қазір оны жалғастырудың түк мәні жоқ. Біздің ауыл шаруашылығы министрлігі заң шығарды. Енді бізде еш жерде суға түсуге болмайды”, “Жылағым келеді. Адамдарда ұят жоқ”, – деп қынжылды желі қолданушылары.

    Істің анық-қанығын білу үшін редакция Түркістан облысының әкімдігіне сауал жіберді. Әкімдіктегілер «шалшық көлге» қатысты экономикалық тергеу департаменті тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тергеу департаменті енді жоба аясында атқарылған жұмыстардың көлемін анықтап жатқаны көрінеді. 

    «2024 жылдың ақпанында сараптама жүргізу үшін нысан қайта қаралды, қорытындысы шығады. 2023 жылғы су тасқыны кезінде көлге артық су жиналып, нысанға зиян келтірілді. Көлді толыққанды пайдалануға беру үшін «Кенсай-Қосқорған-2″ су қоймасынан тұрақты су беру қажет. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары уақытша тоқтатылған. Жұмыстың бірінші кезеңінде саябақ салу, аумақты функционалды аймақтарға бөлу (белсенді демалысқа арналған спорт аймағы, гольф алаңы, балалар ойын алаңы) болған еді.  Алайда жобаның тиімсіздігіне байланысты құрылыс басталған жоқ, жоба-сметалық құжаттама әзірленбеген», – деді Түркістан әкімдігі. 

    Осы ретте әкімдік жасанды “Шаға” көлі жобасының екі кезеңіне жалпы 9,3 миллиард теңге бөлінгенін айтады. Бірінші кезеңге – 7,2 миллиард теңге (құрылыс-монтаждау жұмыстары – 6,6 миллиард теңге, жобалық-сметалық құжаттама – 215,7 миллион теңге, инженерлік қызметтер – 183,5 миллион теңге) бөлінген. Екіншісіне – 2,1 миллиард теңге. бірақ бұл учаске бойынша жұмыстар жүзеге асырылған жоқ. Жоспарланған жұмыстарға көлді қоршау, көгалдандыру, суару жүйесі, сыртқы жарықтандыру, көпірлер, сорғы станциясы, көлді айналдыра жол салу және К-3 каналының құрылысы жүргізілуі керек еді.

    Әкімдік «Кенсай-Қосқорған-2» су қоймасынан су тұрақты түрде берілсе, нысан толыққанды жұмыс істейтінін ескертті.

    бюджет жағажай Түркістан
    Previous Article Еділ Жаңбыршин үкіметтік емес ұйымдарды сынға алды
    Next Article “Рейдерлік жасады”. Нығматулиннің ұлының үстінен қылмыстық іс қозғалды
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.