Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар» Еділ Жаңбыршин үкіметтік емес ұйымдарды сынға алды
    Жаңалықтар

     Еділ Жаңбыршин үкіметтік емес ұйымдарды сынға алды

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин02.04.202543 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Депутаттың сөзінше, шетелдік гранттарға тәуелді кейбір үкіметтік емес ұйымдар елдегі жағдайды қасақана бұрмалап көрсетеді. Олар «адам құқықтары тапталған», «сөз бостандығы шектелген» деген сияқты даурықпа мәлімдемелер жасап, Қазақстанды дамымай қалған елдермен салыстыруға тырысады.

    Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елдің ішкі саясатына сыртқы күштердің ықпал етуі туралы алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселеге мемлекет тарапынан нақты жауап берілуі керек екенін айтты.

    Ол өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы мәлімдемесін негізге алды. Мемлекет басшысы «жаһандану үдерісінің мән-маңызы жоғалып барады» деп атап өтіп, қазіргі геосаясаттағы басты үрдістерге тоқталған. Президенттің пікірінше, әлемдік саясатта аймақтарға бөліну күшейіп, сыртқы күштер кей елдердің ішкі ісіне араласуға тырысуда.

    Еділ Жаңбыршин бұл араласу түрлі әдістермен жүзеге асатынын атап өтті. Оның айтуынша, әсірефеминистік, ЛГБТ және эмо сияқты субъмәдениеттік қозғалыстар мақсатты түрде қаржыландырылып, ұлттық құндылықтарға қауіп төндіруде. Сонымен қатар, ұлтаралық және діни алауыздықты, сепаратизм мен трайбализмді қоздыру арқылы да сыртқы күштер ықпал етуге тырысады.

    «Халықаралық үкіметтік емес қорлар мен ұйымдар көптеген елдің ішкі ісіне негізсіз араласты», – деп Мемлекет басшысы Құрылтайда қадап айтты. Депутаттың сөзінше, соңғы жылдары АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) Қазақстанның ішкі саясатына ықпал ету үшін 150 миллион доллардан астам қаражат бөлген.

    Депутаттың сөзінше, бізде шетелдік гранттарға тәуелді кейбір үкіметтік емес ұйымдар елдегі жағдайды қасақана бұрмалап көрсетеді. Олар «адам құқықтары тапталған», «сөз бостандығы шектелген» деген сияқты даурықпа мәлімдемелер жасап, Қазақстанды дамымай қалған елдермен салыстыруға тырысады.

    Бізде шетелдік грант «емізігіне» отырып алған кейбір, тағы да айтам кейбір үкіметтік емес ұйымдар  көбінесе, түймедейді түйедей қылып, негативті теріп-жинап, кураторларына өтірік есеп беріп, «ойбай бұл елде адам құқығы тапталған», «сөз бостандығы шектелген», «сіздер араласпасаңыздар құрдымға кетудің алдында тұрмыз» – деп байбалам салады. Тіпті біздегі жағдайды дамымай қалған үшінші мемлекеттермен негізсіз, дәлел-дәйексіз теңестіреді. Оларға Қазақстанның жақсарғаны емес, шайқалғаны пайдалы. Себебі өздерінің жеке басының пайдасына, яғни «гуманитарлық бизнестеріне» қаржы керек, – деді Еділ Жаңбыршин.

    Осыған байланысты депутат бірқатар нақты шараларды қолға алу қажет екенін айтты:

    1. Қаржы министрлігі мен тиісті мемлекеттік органдар сырттан құйылатын қаржыны бақылап, оның қандай мақсатта жұмсалатынын анықтауы тиіс.
    2. Шетелден қаржыландырылатын ұйымдардың қызметін реттейтін заңнаманы қайта қарау қажет.
    3. Ұлттық құндылықтарға қарсы және ел тұрақтылығына қауіп төндіретін жобаларды қаржыландыруға тосқауыл қою керек.

    Депутат «шетелдік инвестициялар, егер олар экономиканы дамытуға, экологияны жақсартуға немесе денсаулық сақтау саласын нығайтуға бағытталған болса, құпталады. Бірақ егер олар ішкі саясатқа араласу мақсатында бөлінсе, онда оларға жол жабық болуы тиіс» деп мәлімдеді.

    Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ел тарихында алғаш рет Ішкі саясат тұжырымдамасы әзірленетінін атап өтті. Бұл стратегиялық құжат елдің ішкі саясатын жүйелеуге, саяси тұрақтылықты сақтауға және сыртқы күштердің араласуына тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

    Еділ Жаңбыршин ҮЕҰ
    Previous ArticleҚазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
    Next Article Түркістандағы аяқсыз қалған 9 миллиард теңгелік жағажайдың жағдайын көрген қазақстандықтар жаға ұстады
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.