Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ерлан Қошанов кибералаяқтарды қалай тоқтатуға болатынын айтты
    Жаңалықтар

    Ерлан Қошанов кибералаяқтарды қалай тоқтатуға болатынын айтты

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин02.04.202532 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото:qaz365.kz

    Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов депутаттарға кибералаяқтыққа қарсы заң жобасын дайындауды тапсырды, деп хабарлайды,  деп хабарлайды qandastar.kz

    Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, бүгінде алаяқтардың қоңырау шалмаған немесе күмәнді хабарлама жібермеген адам кемде-кем.

    «Бүгін талқыланған негізгі тақырып – кибералаяқтық мәселесі болды. Ол түсінікті де.  Соңғы уақытта цифрлық ортадағы қылмыстардың ауқымы да, одан туындайтын қауіп-қатер де едәуір артып келеді. Сондықтан сөз сөйлеген депутаттар өте орынды мәселе көтеріп отыр. Бірақ біз кінәліні ғана іздемей, мәселенің шешу жолын қарастыруымыз керек. Қазіргі кезде кибералаяқтар қоңырау шалмаған немесе күмәнді хабарлама жібермеген адам қалмаған шығар. Мұндай келеңсіз үрдіс тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді жаулап алды. Президенттің бұл мәселе бойынша тиісті тапсырмасы бар. Елімізде бұған қарсы күрес жүргізіліп жатқанына қарамастан, киберқылмыстар әлі де толастамай тұр.    Сондықтан бүгінгі күні киберкеңістікте жауапкершілікті одан әрі күшейту маңызды. Кибершабуылдардың басым бөлігі шетелден келетіні және трансұлттық сипатта болатыны түсінікті. Бірақ бұл жерде жауапкершілік осы тізбектің барлық қатысушысына бірдей қарастырылуы керек», – дейді Е. Қошанов.

    Ерлан Қошановтың сөзінше, киберкеңістіктегі кибералаяқтық үлкен ауқым алып кеткен. Өйткені көптеген кибершабуыл шетелден ұйымдастырылып, трансұлттық сипатқа ие. Дегенмен бұл тек қылмыстық топтарға ғана емес, осы жүйенің барлық қатысушыларына да жауапкершілік жүктеуге тиіс.

    «Яғни, алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар ғана емес, оған ықпал ететіндер де қатаң жауапқа тартылуға тиіс. Ол – мобильді операторлар, қаржы ұйымдарының қызметкерлері, дропперлер және басқа да қатысушылар. Бұл туралы жаңа депутаттар айтты. Мәселе бүгін ғана көтеріліп отырған жоқ. Бұған дейін де бірнеше мәрте уәкілетті органдарға депутаттық сауалдар жолданған еді. Осыған ұқсас мәселелер бұған дейін де шешімін тапты ғой. Естеріңізде болса, кезінде мал ұрлығы ел арасында дүрбелең туғызды», – дейді ол.

    Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов кибералаяқтықтың жолын кесу үшін қылмыстық жауапкершілікті барынша күшейту қажет екенін де баса айтты.

    «Броконьерлер мәселесі де ушығып тұрған болатын. Біз әрқайсысы бойынша жекелеген нормалар қабылдап, қылмыстық жауапкершілікті күшейттік. Сол арқылы аталған мәселелерге тосқауыл қойдық. Қыз ұрлау да – ушыққан мәселе. Депутаттар көтеріп, ол мәселе бойынша да заңды қатайтуды қарастырып жатырмыз. Енді, міне, кибералаяқтықпен де күресті күшейтіп, қылмыстық жауапкершілікті барынша қатаңдатуға тиіспіз. Заңды күшейтпей, халыққа қолайсыздық туғызып отырған алаяқтардың әрекетін тоқтату мүмкін емес. Сондықтан тиісті комитетке шұғыл түрде тиісті заң жобасын дайындауды тапсырамын. Оған жаңа бастама көтерген депутаттар да атсалысады деп ойлаймын», – деді ол.

    Ерлан Қошанов кибералаяқ парламент
    Previous ArticleПолицияға жұмысқа қабылдау жаңа әдіспен жүзеге асады
    Next Article Биыл қанша әскери қызметші дайындыққа шақырылады?
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.