Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ресей Қазақстанның «шетел агенттері» туралы заң жобасына араласа ма?
    Жаңалықтар

    Ресей Қазақстанның «шетел агенттері» туралы заң жобасына араласа ма?

    Ерсін ШамшадинЕрсін Шамшадин02.04.202521 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: gov.kz

    Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова шетелдік агенттер туралы заң жобасына Ресейдің әділет министрлігі қатысады деген журналистің сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды salemnews.kz

    Журналист Ардақ Бөкеева өзінің Facebook парақшасында шетелдік агенттер туралы заңға Ресейдің әділет министрлігі кірісетінін жазған болатын.

    «Депутат Ирина Смирнова талап еткен шетелдік агенттер туралы заң бойынша жұмыстар жүріп жатыр және бұл заңды әзірлеуге Ресейдің әділет министрлігі де атсалысады. Олар белсенді түрде кеңес береді. Яғни, 2026 жылы ақпараттық кеңес пен адам құқығына қатысты жағдайды топшылай беруге болады. Биыл бұл заңды қабылдауға уақыт болмай қалса деген үмітім бар» деп жазды журналист.

    Orda.kz тілшісі осы жазылған ақпаратқа қатысты Ирина Смирнованың өзіне хабарласып, жауап алды. Депутат журналистің берген ақпаратын жоққа шығарды.

    «Ондай ештеңе жоқ. Құрылтайда президент Үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасын әзірлеуді ұсынды. Бәлкім Ақпараттық агенттік туралы заң болмайтын шығар, бірақ түзетулер болады. Бірдеңе айтуға әлі ерте, сосын біз қандай да бір заңды түзетуге ешкімді араластырмаймыз. Әсіресе шетелдіктерді қоспаймыз», – деп жауап берді Смирнова.

    Еске сала кетсек, мәжіліс депутаты Ирина Смирнова «шетел агенті» туралы заң  дайындауды ұсынды.

    Қазақстан Ресей
    Previous ArticleЫстамбұл мэрі қамалып, халық жаппай наразылыққа шықты: Түркияда не болып жатыр? (ВИДЕО)
    Next Article Полицияға жұмысқа қабылдау жаңа әдіспен жүзеге асады
    Ерсін Шамшадин

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.