Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Mektepmenu. Енді ата-аналар балалары мектепте қалай тамақтанатынын бақылай алады
    Жаңалықтар

    Mektepmenu. Енді ата-аналар балалары мектепте қалай тамақтанатынын бақылай алады

    SalemnewsSalemnews04.03.202583 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Енді ата-аналар Mektepmenu цифрлық қызметі арқылы сабақта жүрген балаларының тамақтануын бақылай алады.

    Жаңа технологиялардың дамуымен және барлық процестің цифрландырылуына байланысты еліміздегі мектептердегі тамақтану жүйесіне де өзгерістер керегі анық. Бүгінде ата-аналар көбіне балаларының мектепте не жейтінін, мәзірде не барын білмейді және өнімнің сапасы мен қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты ала алмайды. Кері байланыс алып, бақылау мүмкін емес. Осы мәселені реттеу мақсатында Kundelik білім беру платформасы жаңа MektepMenu қызметін іске қосты. Ата-аналар балалары мектепте не жейтінін қадағалап, қалған қажетті ақпаратты көре алады.

    Енді сіз MektepMenu қызметін Halyk банктің мобильді қосымшасы арқылы пайдалана аласыз. Kundelik платформасымен интеграцияның арқасында қызметке кіру қосымша авторизациясыз жүзеге асырылады, ал бұл бүкіл процесті айтарлықтай жеңілдетеді.

    «Біз Halyk қосымшасымен барлық клиенттерімізге пайдалы қызметтерді ұсынуға ұмтыла отырып, оның қызметтерін кеңейтіп отырамыз. MektepMenu қызметімен интеграция — бұл бағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңа сервис клиенттік тәжірибені жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз және ата-аналарға балаларының мектепте сапалы және дұрыс тамақтанатынына сенімділік береді», — деді Halyk басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев.

    MektepMenu қызметі ата-аналарға мектеп асханасы мен буфет мәзіріне, соның ішінде тағамдардың құрамына, порция мөлшеріне және бағасына толық қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қызмет сізге тамақтану сапасын жақсарту бойынша пікірлер мен ұсыныстар қалдыруға, сондай-ақ баланың мектеп асханасына барғаны туралы хабарлама алуға мүмкіндік береді. Баласында аллергиясы бар ата-аналар үшін аллергиялық реакцияларды тудыратын өнімдерді көрсету функциясы да бар. Бұдан басқа, балалары тегін тамақ алатын ата-аналар (1-4 сынып оқушылары және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалар) баласының тамақтанғаны және мектеп асханасына барғаны туралы хабарлама алады.

    Еліміздің оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақ ала алады. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 162 млрд теңге бөлінді.

    Kundelik платформасының мәліметінше, мектеп оқушыларының 2-3%-ы науқастану немесе басқа да себептермен күн сайын сабақтан қалады, бірақ бұл тамақтану жүйесінде әрдайым көрінбейді екен.

    Егер бір балаға тегін ыстық тамақтың орташа құны жалпы бюджеттен есептелетінін ескерсек, әлеуетті үнемдеу жыл сайын 3,24 млрд теңгеден 4,86 млрд теңгеге дейін жетуі мүмкін.

    Осылайша, MektepMenu мектептегі тамақтануды ұйымдастыру процесін автоматтандырады, оның ашықтығын айтарлықтай арттырып, ыңғайлы және тиімді бақылау құралын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бюджеттің артық шығындалу қаупін азайтады.

    Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде Halyk оқушылар арасында сауаттылықты арттыруға бағытталған Kundelik-пен серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Осылайша, өткен жылдан бастап оқуға деген ынтаны арттыру үшін Halyk Kundelik-пен бірлесіп оқушылардың үлгерімін ынталандыратын түрлі бастамаларды іске асыруда.

    2024-2025 оқу жылының қыркүйегінен бастап «Үздік бағалар үшін бонустар» бағдарламасы одан да қызықты ынталандырулармен  басталды. Енді 5-11 сынып оқушыларында 10 балл үшін 100 бонустан басқа, Halyk-тан 100 мың бонустың ай сайынғы ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігі бар.

    Halyk банк ата-ана оқушы
    Previous Article«Бауыржан Момышұлының сарбазы болдым»: соғыс ардагері
    Next Article Әрекетсіздік үшін айыппұл: инспекторлар заңды бұзғаны үшін жазаланды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    EuroFest 2025: Астананың жүрегіндегі бірлік пен ізгілік фестивалі

    02.06.2025

    АҚШ-та кей құжаттарға Байденнің орнына басқа шенеуніктер қол қойған

    02.06.2025

    «Асфальт шенеунік тұратын көшеде ғана бар»: Атырауда тұрғындар жолдың жоқтығына наразы

    02.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 040 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 567 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.