Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Бауыржан Момышұлының сарбазы болдым»: соғыс ардагері
    Жаңалықтар

    «Бауыржан Момышұлының сарбазы болдым»: соғыс ардагері

    SalemnewsSalemnews26.02.2025262 Mins Read
    Фото: ҚР Ұлттық ұланы
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Талдықорғанда Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен Ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагері Сәрсенбай Қаңтарбай ақсақалдың шаңырағында болып, құрмет көрсетіп қайтты. 

     Сәрсенбай Қаңтарбай  1924 жылы 10 мамырда дүниеге келген. Сәрсенбай қария 1942 жылы әскерге шақыртылып, Аягөзде жасақталған тұңғыш қазақ полкінің құрамына алынған. Автоматшыларды дайындайтын алтыайлық оқу-жаттығудан соң, соғыстың нағыз қайнаған ортасына түседі. Бір жылдан соң, саны сиреген сарбаздар Бауыржан Момышұлы басқарған 9-гвардиялық дивизияға қосылыпты. Оларға сол кездің ең қауіпті әрі құпия қаруын күзету міндеті жүктелген.

    — Біз құпияны сақтаймыз деп ант бергенбіз. Ол кезде «Катюша» туралы айтылмайды. Құпия бөлімде болдық. № 49 катюшаны күзеттік. Бір жерде 15 минут тұрады, одан артық тұрмайды. Күндіз тоғайдың ішіне кетіп қалады. Қай жерге жау әскері көп жиналады, соны атады. Бауыржан Момышұлы қатал да, әділ адам ғой. Бұйрық береді. Артыңда Отаның, әке-шешең, елің-жұртың тұр деп жігерлендіреді, — дейді ақсақал сол күндерді еске алып.

    9-гвардиялық атқыштар дивизиясының сапында Сәрсенбай ақсақал Польша, Литва, Латвия, Эстония сынды елдерді азат етуге қатысқан. Өмірінің үш жылын майдан даласында өткізген ол Германияға дейін жетеді. Сол мемлекет аумағындағы шайқас кезінде, 1945 жылдың 21 қаңтарында Бауыржан Момышұлымен қатар жараланған. Жаралы солдаттарды ұшаққа салып, Мәскеуге жібереді. Владимир облысы Калчюгин қаласында  емделеді, Жеңісті сол жерде қарсы алады.  Сәрсенбай ақсақал Бауыржан Момышұлымен соғыстан кейін де  дәмдес-тұздас болып жүреді.  

    Майдангер елге келген соң, мұғалім және пошташы болып еңбек еткен. Содан болар әлі күнге дейін баспасөзді шолып, радионы тыңдап, телеарнадан жаңалықтарды көруге тырысады. Жүзге жуық немере, шөбере сүйіп отыр.     Сәрсенбай ақсақал қазір кенже немересінің күтімінде.

    Биыл аталып өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ұлттық ұланда «Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясы жүріп жатыр.  Осы іс-шара аясында  соғыс және тыл ардагерлері үшін көптеген игі істер атқарылуда.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

    «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

    ардагер ҰОС
    Previous ArticleХакер балалар ауруханасының шотынан 350 миллион теңге ұрлаған
    Next Article Mektepmenu. Енді ата-аналар балалары мектепте қалай тамақтанатынын бақылай алады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.