Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтардың жалақасы қаншалықты өседі
    Жаңалықтар

    Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтардың жалақасы қаншалықты өседі

    SalemnewsSalemnews20.11.202612 Mins Read
    Фото: Pexels
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    1 қаңтардан бастап психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Жоба ашық НҚА-ға жарияланды.

    «Ашық НҚА» порталында медицина, әлеуметтік сала қызметкерлері мен психологтардың жалақысын көтеруді көздейтін Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Жоба бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) ұйымдарының мамандарына қосымша ақы белгілеу ұсынылады.

    Алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында үздіксіз еңбек өтіліне қарай мына мамандарға лауазымдық жалақысына қосымша ақы төлеу көзделген:

    • учаскелік терапевт;
    • учаскелік педиатр;
    • жалпы практика дәрігері;
    • учаскелік медбике;
    • жалпы практика медбикесі;
    • фельдшер;
    • акушер;
    • патронаждық медбике;
    • мектеп медбикесі.

    Қосымша ақы мөлшері еңбек өтіліне қарай белгіленеді:

    • екі жылдан астам еңбек өтілі үшін – лауазымдық жалақының 20%-ы;
    • үш жылдан астам еңбек өтілі үшін – 30%-ы;
    • бес жылдан астам еңбек өтілі үшін – 50%-ы.

    Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында халыққа көмек көрсетуге тікелей қатысы бар медициналық емес қызметкерлерге психоэмоциялық және физикалық жүктемесі үшін қосымша ақы төлеу ұсынылады.

    Оның мөлшері:

    • психологтарға – базалық лауазымдық жалақының 300%-ы;
    • әлеуметтік қызметкерлерге – базалық лауазымдық жалақының 200%-ы.

    “Ашық НҚА” мәліметінше, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының учаскелік қызметіндегі медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі.

    Ұсынылып отырған шаралар нысаналы сипатқа ие және ең алдымен халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ететін мамандарды жұмыс орнында тұрақтандыруға бағытталған. Оларды іске асыру кадрлардың тұрақтамауын азайтуға, маман тапшылығын төмендетуге, пациенттерді бақылау сабақтастығын қамтамасыз етуге және жұмыс істеп жүрген мамандардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді», – деп жазылған жобаға берілген түсіндірмеде.

    Previous ArticleЕнді қазақстандық салық төлеушілерге алдағы төлемдер туралы автоматты түрде хабарлама келеді
    Next Article Қазақстанда кәсіпкер грант ретінде бөлінген 297 миллион теңгені жымқырып, лизингке көліктер алған
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда кәсіпкер грант ретінде бөлінген 297 миллион теңгені жымқырып, лизингке көліктер алған

    20.11.2026

    Енді қазақстандық салық төлеушілерге алдағы төлемдер туралы автоматты түрде хабарлама келеді

    20.11.2026

    «Қазақтелекомның» пайдасы бір жылда 89%-ға жуық азайды

    20.11.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 675 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.