Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Үздік жас отбасы – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды
    Жаңалықтар

    «Үздік жас отбасы – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

    SalemnewsSalemnews09.09.202612 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Бүгін Отбасы күніне орай Астанада «Үздік жас отбасы – 2026» қалалық байқауының ақтық кезеңі өтті. Жас отбасылар арасындағы татулықты, өзара сыйластық пен отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған байқауға биыл 120-ға жуық отбасы өтінім берді. Іріктеу нәтижесінде олардың арасынан 10 отбасы финалға жолдама алды. Финалдық кезеңде отбасылар екі кезең бойынша сынға түсті. Бірінші кезеңде таныстыру, екінші кезең өнер көрсетуге арналды.

    Байқаудың қорытындысы бойынша Арнат Байсейітов пен Дайана Тоқбергенова І орын иеленді. Әділет Молдабек пен Айымгүл Селикова ІІ орын алса, Алтынбек Ысқақ пен Перизат Ғабит ІІІ орын еншіледі. Финалға өткен өзге жеті отбасыға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Жеңімпаз отбасылар байқаудың ерекше әсер қалдырғанын айтты.

    «Байқау бізге өте ұнады. Осындай отбасылардың басын қосып, бір-бірімізбен танысып, жақсы әсер алуға мүмкіндік жасаған ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Бұл біз үшін тек жеңіс емес, отбасымызбен бірге өткізген ерекше күн болды», – деді І орын иегерлері Арнат Байсейітов пен Дайана Тоқбергенова.

    Қатысушылардың өнерін қазылар алқасы бағалады. Олардың қатарында республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары әрі ұйымның Астана қалалық филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай, этнограф Тұрар Шәкен, «Di Medical» медициналық орталығының директоры Клара Өмірзақова, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің директоры Ырза Тұрсынзада және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, жыршы-әнші Күнсұлу Түрікпен болды.

    Үздік жас отбасы – 2026» байқауы Отбасы күні аясында ұйымдастырылып, берекелі отбасы құндылықтарын насихаттау, жас жұбайлардың қоғамдық белсенділігін арттыру және қоғамға үлгі болар отбасыларды танытуға бағытталды.

    Previous Article«Айгүл» ансамблінің негізін қалаған белгілі әнші 81 жасында өмірден өтті
    Next Article Ақтауда жол үстіндегі төбелес видеоға түсіп қалды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда кәсіпкер грант ретінде бөлінген 297 миллион теңгені жымқырып, лизингке көліктер алған

    20.11.2026

    Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтардың жалақасы қаншалықты өседі

    20.11.2026

    Енді қазақстандық салық төлеушілерге алдағы төлемдер туралы автоматты түрде хабарлама келеді

    20.11.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 675 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.