Қазақстанда доллар бағамы бір күнде 4 теңгеге арзандады. 6 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша америкалық валюта 447 теңге деңгейіне түсті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 447,14 теңге болды.
Алдыңғы сауда күніндегі көрсеткішпен салыстырғанда 4,02 теңгеге арзандаған. Ұлттық банктің 6 қарашаға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 451,87 теңге.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 447,55 теңгеден сатып алып, 449,44 теңгеден сатып жатыр.
Астанадағы айырбастау пункттерінде америкалық валютаның орташа сатып алу бағамы – 446 теңге, сату бағамы – 453 теңге.
