Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды
    Жаңалықтар

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    SalemnewsSalemnews13.10.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Әзірбайжанда мектепке хиджаб киіп келуге тыйым салған жаңа ережелер жаппай наразылыққа ұласты. Баку мен елдің өзге өңірлерінде жүздеген адам көшеге шығып, оқушылар сабаққа бойкот жариялады. Бұл туралы Salemnews.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосының Әзербайжан қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

    21 қыркүйекте Әзірбайжан Министрлер кабинеті мемлекеттік мектептердегі бірыңғай формаға қатысты ережелерге ресми түрде өзгерістер енгізді. Үкімет қаулысы бойынша, «мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптарды бұзатын және зайырлы білім беру қағидатына қайшы келетін қосымша киім элементтеріне» тыйым салынды. Алайда түзетулерде нақты қандай киім элементтері туралы сөз болып отырғаны көрсетілмеген.

    Қазан айының басында Баку мен өңірлердің тұрғындарынан кейбір мектептердің хиджаб киетін оқушы қыздар мен мұғалімдерді сабаққа кіргізбей жатқаны туралы шағымдар түсе бастаған. Осыдан кейін оқушылар мен ата-аналар наразылық білдіріп, көпшілігі сабаққа бойкот жариялаған.

    JAMnews мәліметінше, мектеп оқушыларының ұлдары да хиджаб киюді қалайтын сыныптастарына қолдау көрсетіп жатыр. Наразылықтарға мұғалімдер, қоғам және дін қайраткерлерін қоса алғанда, жүздеген адам қосылған. Олар хиджаб киетін оқушыларды сабаққа кіргізбеу балалардың білім алу құқығын бұзады деп есептейді.

    Наразылық білдірушілер діни киім киюге тыйым салған мектептердің терезелерін сындырған. Minval Politika Telegram-арнасының мәліметінше, наразылыққа қатысушылар Бакудің Қарадағ ауданындағы мектеп директорының көлігін өртеген. Ал Ясамал ауданында жиналғандар мектептердің бірінде өрт шығаруға әрекеттенген, алайда өрттің таралуына жол берілмеген.
    Әзірбайжанның ішкі істер органдары ұсталғандарға қатысты қоғамдық тәртіпті ұйымдасқан түрде бұзу фактісі бойынша қылмыстық істер қозғады. Әзірбайжан Конституциясына сәйкес, ел — зайырлы мемлекет.

    Конституцияның 18-бабында мемлекеттік білім берудің зайырлы сипаты бекітілген. Алайда наразылық білдірушілердің пікірінше, мектептерде хиджаб киюге тыйым салу азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген діни сенім бостандығын және «Бала құқықтары туралы» заңды да бұзады.

    Әзірбайжанның білім беру мекемелері бұған дейін де діни киімдер мен рәміздерге тыйым салуға әрекеттеніп, соның салдарынан наразылықтарға тап болған. Ең ірі наразылықтар 2010–2011 жылдары өткен. Сол кезде Әзірбайжан қалаларында оппозициялық діни қайраткерлерді қоса алғанда, 200-ден астам адам қамауға алынған.

    Ал қазір Әзірбайжан Ішкі істер министрлігі 37 адамның ұсталғанын хабарлады.

    Мектеп хиджаб
    Previous ArticleЕнді несие алған қазақстандықтар одан 14 күн ішінде қайта бас тарта алады
    Next Article Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Енді несие алған қазақстандықтар одан 14 күн ішінде қайта бас тарта алады

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.