Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Енді несие алған қазақстандықтар одан 14 күн ішінде қайта бас тарта алады
    Жаңалықтар

    Енді несие алған қазақстандықтар одан 14 күн ішінде қайта бас тарта алады

    SalemnewsSalemnews13.10.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қазақстанда 12 қазаннан бастап азаматтар несие алғаннан кейін 14 күн ішінде одан бас тарта алады. Мұндай жағдайда банк айыппұл салмайды. Бұл туралы Salemnews.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап хабарлайды.  

    Жаңа ережені Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі енгізді. Бірақ бұл мүмкіндік тек кепілсіз несиеге қатысты. Яғни, несие алу үшін үйін, көлігін немесе басқа мүлкін кепілге қоймаған адамдар ғана бұл ережені пайдалана алады. Егер адам несиеден бас тартса, банк оған айыппұл сала алмайды. Дегенмен ақшаны пайдаланған күндері үшін пайыз төлеуге тура келеді.

    Егер адам несие алған кезде қосымша сақтандыру рәсімдесе, одан да бас тарта алады. Мұндай жағдайда сақтандырудың пайдаланылмаған уақытына тиесілі ақша қайтарылады. Бірақ банк немесе микроқаржы ұйымы қызмет көрсетуге кеткен нақты шығынын ұстап қалуы мүмкін.

    Несие бермес бұрын банк клиентке 14 күн ішінде одан бас тартуға болатынын айтуы керек. Сондай-ақ несие бойынша қанша ақша қайтаратынын, қандай шарттар барын және қандай тәуекелдер болуы мүмкін екенін жасырмауға тиіс.  

    Бұдан бөлек, банк клиентке несие алуды немесе қосымша ақылы қызметтерді күштеп ұсына алмайды. Жаңа ереженің мақсаты — азаматтарға несие алу туралы шешімін қайта ойлануға уақыт беру және банктердің шарттарын түсінікті ету.

    несие
    Previous ArticleЕлордада «Студенттік қалқан-2026» жобасының жеңімпаздары анықталды
    Next Article Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.