Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Сыр өңірінің даму көкжиегі
    Жаңалықтар

    Сыр өңірінің даму көкжиегі

    SalemnewsSalemnews02.10.202683 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігіне жеті жыл толуы жекелеген шешімдерді емес, мемлекеттің қозғалыс өрісін бағалауға толық мүмкіндік беретін кезең. Әсіресе, 2022 жылдан бастау алған саяси жаңғыру мен экономиканы құрылымдық қайта құру (диверсификация, монополиядан арылу, адами капиталға инвестиция) өзінің алғашқы нәтижелерін бере бастады.

    Сандық көрсеткіштерде, динамика айқын. 2019 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) 181,7 млрд долларды құраса, 2025 жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 306 млрд долларға жетті. Бір ғана 2025 жылдың өзінде экономика 6,5%-ға өсті. Алайда, долларлық ІЖӨ мұнай бағасына тәуелді екенін ескерсек, ішкі құрылымдағы өзгерістер әлдеқайда маңызды. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 11,4%-дан (2019 ж.) 13%-ға (2025 ж.) артып, құрылыс, сауда және көлік сияқты шикізаттық емес салалардың рөлі күшейді. Халықтың тұрғын үймен қамтылуы 22,2-ден 25,1 шаршы метрге өсіп, туризм индексінде еліміз 80-ші орыннан 52-ші орынға көтерілді.
    Бұл бағыттың басты ерекшелігі Президенттің ескі модельді сақтап қалуға тырыспай, шикізатқа тәуелділік, еңбек өнімділігінің төмендігі және бәсекелестіктің әлсіздігі сияқты жүйелі мәселелерді Үкімет алдына нақты міндет етіп қоюы.
    Қоғамдық кеңес мүшесі және өңірлік процестерді талдап жүрген сарапшы ретінде бұл макроэкономикалық көрсеткіштердің нақты жергілікті деңгейдегі көрінісіне назар аударғым келеді. Саяси және экономикалық реформалардың қатар жүруі күрделі процесс болғанымен, оның шынайы нәтижесі өңірлердегі, мәселен, біздің Сыр бойындағы әлеуметтік-экономикалық түйткілдердің шешілуімен өлшенеді.
    Сыр өңірінің даму көкжиегіне үңілсек, ұлттық экономиканың өсімі аймақтық инфрақұрылым мен қоғамдық жобаларға тікелей қан жүгіртуі тиіс екенін байқаймыз.
    Біріншіден, экология және инфрақұрылым қауіпсіздігі. Арал теңізінің экологиялық зардаптарын жеңілдету және Сырдария суын үнемді пайдалану технологияларына көшу тек аймақтық емес, ұлттық деңгейдегі күн тәртібі. Төретам сияқты кенттерден бастап облыс орталығына дейінгі әлеуметтік, экологиялық және жол инфрақұрылымының қордаланған мәселелерін шешуде бізге нақты алгоритмдер ұсынатын «шешімдер аналитикасы» мен қоғамдық бақылау тетіктері қажет. Біз проблеманы айтып қана қоймай, оны мемлекеттік саясат деңгейінде шешудің жолдарын көрсетуге дағдылануымыз шарт.
    Екіншіден, жергілікті экономиканы әртараптандыру және өңірлік брендтерді ілгерілету. Қызылорда облысының әлеуеті тек шикізат көздерімен шектелмейді. Елорда төріндегі халықаралық көрмелерде жоғары бағасын алған «Сыр дәмі» сынды ұлттық сусындарымыз бен аймақтық өнімдерді республикалық нарыққа шығару, шағын және орта бизнестің, кәсіпкерлер палатасының әлеуетін толық пайдалану арқылы біз нақты бәсекелестікті қалыптастыра аламыз.
    Орталық Азия елдерінің қарқынды дамуы біз үшін қауіп емес, керісінше, ортақ аймақтық нарық құруға, сауда мен логистиканы кеңейтуге берілген үлкен мүмкіндік. Ал Қызылорда облысы бұл логистикалық және сауда тізбегіндегі маңызды транзиттік әрі өндірістік хабқа айналуға толық қауқарлы.
    Қорыта айтқанда, Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика мәртебесін сақтап қалу міндетінен оның сапасын түбегейлі өзгертуге бағытталған кезеңге өтті. Бізде ауқым, қаржы жүйесі және адами әлеует бар. Алдағы онжылдықта Қазақстанның әлемдік экономикадағы орнын анықтайтын басты емтихан жоғары еңбек өнімділігі, озық технология, терең өңдеу, құны жоғары өнім экспорты және мемлекетке иек артпайтын мықты, дербес жеке бизнес қалыптастыру болмақ. Бұл стратегиялық өзгерістер әрбір өңірде, әрбір ауыл мен аймақта жүйелі түрде жүзеге асқанда елдің тұрақты дамуы қамтамасыз етіледі.

    Нұрбек Дәуренбеков,
    сарапшы

    Previous ArticleӘлемде паспортсыз шетелге емін-еркін шыға алатын үш адамның кім екені анықталды
    Next Article Қызылорда көркейіп келеді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.