Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қырғызстанда қошқар 1 миллион долларға сатылды
    Жаңалықтар

    Қырғызстанда қошқар 1 миллион долларға сатылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова21.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігі

    Қырғызстанда «Арашан» тұқымына жататын қошқар 1 миллион долларға сатылды. Рекордтық сауда етті-майлы қой тұқымдарын дамытуға арналған халықаралық фестиваль аясында өткен, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Sputnik.kg басылымының жазуынша, іс-шараға Қырғызстаннан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейден келген фермерлер мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысқан.

    Қошқардың тегі де назар аудартты. Мәліметке сәйкес, ол 2023 жылы Қазақстанда 150 мың долларға сатылған Франкель атты қошқардың тікелей ұрпағы.

    Осылайша, араға үш жыл салып оның тұқымы бірнеше есе қымбат бағаға бағаланған.

    «Арашан» тұқымының ерекшелігі қандай?

    «Арашан» қой тұқымы Қырғызстанда 2021 жылы ресми тіркелген.

    Бұл тұқым ірі дене бітімімен, жоғары салмағымен және тез жетілуімен ерекшеленеді. Сондай-ақ таулы және далалы аймақтарға, қора жағдайында бордақылауға жақсы бейімделген.

    Осы қасиеттеріне байланысты «Арашан» тұқымына асыл тұқымды мал өсірушілер арасында сұраныс жоғары.

    Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы уақытта бұл тұқымның санын арттырып, сапасын жақсартуды және халықаралық нарыққа шығаруды мал шаруашылығын дамытудың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырып отыр.

    Previous ArticleЕртіс өзенінде жоғалған ер адамның денесі табылды
    Next Article «Міне, нағыз қалыңдық»: Қазақстандық қыз ұзату тойында бокс спаррингін өткізді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.