Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Міне, нағыз қалыңдық»: Қазақстандық қыз ұзату тойында бокс спаррингін өткізді
    Жаңалықтар

    «Міне, нағыз қалыңдық»: Қазақстандық қыз ұзату тойында бокс спаррингін өткізді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова21.09.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    видеодан скриншот

    Қазақстанда өткен қыз ұзату тойындағы ерекше сәт әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Ақ көйлек киген қалыңдық мерекелік кеш барысында жаттықтырушысымен шағын спарринг өткізіп, бокс шеберлігін көрсетті, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Tengri Life жазуынша, видеоны асаба Айдархан Жанділдин әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Кадрлардан қалыңдықтың жауынгерлік қалыпқа тұрып, жаттықтырушысымен бірге бокс элементтерін көрсеткенін көруге болады.

    Видео желіде тез тарап, көп қаралым мен пікір жинады. Қолданушылардың бір бөлігі қыз ұзату тойында мұндай көріністі алғаш рет көргенін жазған.

    «Енесі енді қонаққа тек бейбіт ниетпен келетін шығар», «Енесі видеоны көріп, келінмен тату болған дұрыс деп шешкен сияқты», «Міне, нағыз қалыңдық», «Сұлу, жарайсың», «Үйде тәртіпке кімнің жауап беретіні бірден белгілі болды», «Туыстармен танысудың кереметі-ай», «Енесі: «Келінім қандай болады?», Асаба: «Қазір көрсетеміз», «Мұны көрген күйеуі: ең бастысы, бәрімен келісу керек дейтін шығар», — деп жазды пікір қалдырушылар.

    Кейін видеодағы қалыңдықтың 22 жастағы Аида Жолдасова екені белгілі болды. Ол бокстан Қазақстанның екі дүркін чемпионы әрі халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Аида спорттың бұл түрімен 13 жасынан бері айналысады.

    Қыз ұзату тойы қыркүйектің басында өткен. Аиданың айтуынша, асаба оның боксшы екенін бастапқыда білмеген. Кейін бұл туралы естіген соң жаттықтырушысымен бірге шағын спарринг көрсетуді ұсынған.

    «Той жақсы басталды, асаба менің боксшы екенімді білмеген екен. Білген кезде ол жаттықтырушым екеуімізге лапамен жекпе-жек өткізуді ұсынды», — деді Аида.

    Осылайша, спортшы қыз мерекелік кеште өзінің бокстағы шеберлігін көрсетіп, қонақтардың ықыласына бөленген.

    Әлеуметтік желіде видеоға қатысты түрлі пікір айтылған. Кейбір қолданушылар қыз ұзату тойында спарринг өткізуді түсінбегенін жазса, Аида мұндай пікірлерге мән бермеуге тырысатынын жеткізді.

    «Менің туыстарым әрқашан мақтан еткен. Күйеуімнің отбасы да менің бокспен айналысатынымды біледі», — деп атап өтті Аида Жолдасова.

    Previous ArticleҚырғызстанда қошқар 1 миллион долларға сатылды
    Next Article Димаш Құдайберген «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.