Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Әлемде паспортсыз шетелге емін-еркін шыға алатын үш адамның кім екені анықталды
    Жаңалықтар

    Әлемде паспортсыз шетелге емін-еркін шыға алатын үш адамның кім екені анықталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова22.09.202631 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Stan.kz коллажы

    Әлемде шетелге шығу үшін паспорт қажет емес ерекше мәртебеге ие үш адам бар. Олар – Ұлыбритания королі Карл III, Жапония императоры Нарухито және императрица Масако, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Bild басылымының жазуынша, Ұлыбритания монархы бұл құқықты анасы Елизавета II қайтыс болғаннан кейін иеленген. Корольдік отбасының ресми мәліметіне сәйкес, Карл III шетелге сапар кезінде кәдімгі британ паспортын пайдаланбайды.

    Оның орнына арнайы құжат рәсімделеді. Онда шетел билігінен монархтың еркін өтуіне мүмкіндік беру және қажет болған жағдайда көмек пен қорғау көрсету сұралады.

    Ал Ұлыбритания корольдік отбасының өзге мүшелері шетелге әдеттегі паспортпен шығады.

    Жапония императоры Нарухито мен императрица Масако да паспортсыз сапарлай алады. Мұндай тәртіп 1971 жылы Жапония үкіметінің шешімімен бекітілген.

    Сол кезде император мен императрицаға қарапайым азаматтар секілді паспорт беру және шекаралық рәсімдерден өткізу олардың мәртебесіне сай емес деп танылған.

    Сондықтан олар шетелге шыққанда паспорттың орнына арнайы министрлік құжатын пайдаланады. Сонымен бірге Жапонияның Сыртқы істер министрлігі олардың сапары туралы қабылдаушы мемлекетке алдын ала хабарлайды.

    Император әулетінің басқа мүшелеріне мұндай артықшылық берілмеген. Олар шетелге дипломатиялық паспортпен шығады.

    Ал Рим папасына да шетелдік сапарлар үшін паспорт қажет. Ол Ватикан немесе өзі азаматтығына ие елдің жеке басын куәландыратын құжаттарын пайдаланады.

    Previous ArticleКөкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысты
    Next Article Сыр өңірінің даму көкжиегі
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.