Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Шымкент әуежайында сөмкесінен патрон табылған әйел айыппұл салынды
    Жаңалықтар

    Шымкент әуежайында сөмкесінен патрон табылған әйел айыппұл салынды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова17.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты патронды заңсыз сақтау фактісі бойынша Жамбыл ауданының тұрғынына қатысты істі қарады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Сотың мәліметінше, 2026 жылғы тамыз айында азаматша О. Шымкент әуежайынан «Шымкент–Жезқазған» бағыты бойынша ұшуды жоспарлаған. Тексеру аймағынан өту барысында қызметкерлер оның сөмкесінен тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 12 калибрлі патронды тапқан.

    Кінә хаттамамен, тараптардың айғақтарымен және сараптама қорытындысымен дәлелденді.

    Сотта азаматша О. өз кінәсін мойындап, патронды байқамай сөмкесіне салып алғанын және оның сөмкесінде қайдан пайда болғанын білмейтінін түсіндірді.

    Криминалистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, патрон зауыттық әдіспен жасалған және атуға жарамды.

    Сот кінәсін мойындауды, өкініш білдіруді, бірінші рет құқық бұзушылық жасауды және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.

    Сот қаулысымен О. ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Тәркіленген патрон жойылуға жатады.

    Previous ArticleАлматы облысында жылына 120 мың тонна астық өңдейтін кешен салынып жатыр
    Next Article «Жылап жібердім»: Анна Данченко қиын сәтте қолдау көрсеткен Баян Алагөзоваға алғыс айтты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.