Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Жылап жібердім»: Анна Данченко қиын сәтте қолдау көрсеткен Баян Алагөзоваға алғыс айтты
    Жаңалықтар

    «Жылап жібердім»: Анна Данченко қиын сәтте қолдау көрсеткен Баян Алагөзоваға алғыс айтты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова17.09.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Turkystan.kz коллажы

    Жақында анасынан айырылған тележүргізуші Анна Данченко өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірінде қолдау көрсеткен продюсер Баян Алагөзоваға алғысын білдірді. Ол Баян Мақсатқызының жанашырлығы мен көрсеткен көмегі өзіне ерекше әсер еткенін айтты, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Анна Данченко әлеуметтік желідегі жазбасында Баян Алагөзованың қиын сәтте көрсеткен адамгершілігі мен қамқорлығын ерекше атап өтті.

    «Баян Мақсатқызы, сізге шын жүректен алғыс айтқым келеді. Сіздің сезімталдығыңыз әрі мейірімді жүрегіңіз үшін, өмірімдегі ең ауыр кезеңдердің бірінде маған көрсеткен жылулығыңыз үшін алғысым шексіз», – деп жазды Анна Данченко.

    Тележүргізушінің сөзінше, бұған дейін Баян Мақсатқызымен ұзақ уақыт бірге жұмыс істемеген. Соған қарамастан оны әрдайым адами қасиеттері үшін құрметтегенін жеткізді.

    Данченко анасының жерлеу рәсімін ұйымдастыру кезінде Баян Алагөзованың оған қаржылай көмек көрсеткенін де жасырмады.

    «Мүмкін, сіз менің бұл туралы айтқанымды қаламайтын шығарсыз. Бірақ мен сізге міндетті түрде алғыс айтқым келеді. Жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін қаншама нәрсе қажет екенін түсініп, маған осындай үлкен көлемде ақша жібердіңіз. Оны көрген сәтте мен одан сайын қатты жылап жібердім. Ақша үшін емес, мұндай қамқорлық пен жанашырлықты мүлде күтпеген едім», – деді ол.

    Анна Данченко ата-анасы бала кезінен қиындықтарды өз күшімен еңсеруге үйреткенін айтып, әдетте өзгелерден көмек күтпейтінін жеткізді. Алайда дәл осы ауыр кезеңде көрсетілген қолдау оған ерекше әсер еткен.

    «Адамның жаны қатты ауырған кезде, адамдық жылулықты бұрынғыдан да терең сезінеді. Кейде бір ғана әрекет адамның кім екенін жүздеген сөзден де артық айтып береді», – деп жазды ол.

    Тележүргізуші ата-анасынан айырылғаннан кейін өзгенің қайғысына бейжай қарамайтын, жанашыр адамдардың қадірін бұрынғыдан да жақсы түсіне бастағанын айтты.

    «Неге екенін білмеймін, бірақ менің ата-анам да осындай ауыр сәтте олардың қызына көрсеткен мейірім үшін Баян Мақсатқызына риза болып отырғандай сезінемін. Жасаған бар жақсылығыңыз міндетті түрде өзіңізге және отбасыңызға еселеп қайтсын. Жақындарыңыз бен туған-туыстарыңыз аман-сау болсын. Үйлеріңізден әрдайым жылулық пен береке кетпесін. Мен мұны ешқашан ұмытпаймын», – деп түйіндеді Анна Данченко.

    Previous ArticleШымкент әуежайында сөмкесінен патрон табылған әйел айыппұл салынды
    Next Article Қызылорданың жаңа келбеті: көпір, жағалау және жаңарған қалалық кеңістік
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.