Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматы циркінің өнерпаздары екі халықаралық жүлде жеңіп алды
    Жаңалықтар

    Алматы циркінің өнерпаздары екі халықаралық жүлде жеңіп алды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова14.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Алматы әкімдігі

    Қазақстандық артистер Ресейде өткен цирк өнері фестивальінде екі халықаралық жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    10-13 қыркүйек аралығында Санкт-Петербургте 18 елден 200-ден астам қатысушы жиналған «Без границ – 2026» цирк өнері фестивалі өтті.

    Қазақ мемлекеттік циркінің «Номад» тобы Қанатбек Күнғожиновтың жетекшілігімен ат үстіндегі акробатты ойын көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.

    Сондай-ақ, қазақстандық өнерпаздар Росгосцирктің арнайы жүлдесімен марапатталып, Мәскеуде өтетін «ИДОЛ-2027» фестиваліне шақырту алды.

    Ал Мәскеуде өткен «Артист» фестивалінде Қазақстан атынан Элеонора Канахина өнер көрсетті. Ол «Лунария» атты сым үстіндегі эквилибр нөмірін ұсынып, күміс медаль иеленді.

    Осылайша, қазақстандық цирк артистері екі фестивальде де жүлдеге ие болып, ел қоржынына бір алтын және бір күміс медаль салды.

    Previous ArticleАлматы облысында таудан өздігінен түсе алмаған екі жасөспірім құтқарылды
    Next Article «Кітап оқитын ұлт» марафонына миллион адам қосылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.