Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қытай жастары мансап қуудан бас тарта бастады – SCMP
    Жаңалықтар

    Қытай жастары мансап қуудан бас тарта бастады – SCMP

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова16.09.202622 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    cурет: istockphoto.com

    Қытайда жас қызметкерлер арасында басшылық қызметке көтерілуден саналы түрде бас тартатындар көбейіп келеді. Олардың пікірінше, жаңа лауазым жауапкершілік пен күйзелісті айтарлықтай арттырғанымен, жалақы мен басқа артықшылықтар соған сай өсе бермейді. Бұл үрдіс «conscious unbossing» — «саналы түрде бастық болмау» деп аталып жүр, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    South China Morning Post мәліметінше, Қытайдың әлеуметтік желілерінде қызметтік өсуден бас тарту туралы жазбалар 40 миллионнан астам қаралым жинаған. Қолданушылар тіпті басшылық ұсынған жоғары лауазымнан сыпайы түрде бас тартуға арналған дайын жауап үлгілерін де бөлісе бастаған. Оларда қызметкерлер көбіне жаңа міндетке әлі дайын еместігін немесе қосымша жауапкершілікке лайықты жалақы қажет екенін айтады.

    Басылым мысалға June есімді қызметкерді келтіреді. Ол он жылдық еңбек жолында жоғарылау туралы ұсыныстан үш рет бас тартқан. Бір жолы білім беру компаниясында басшылық қызметке кіріскенімен, жұмыс қысымы күрт өскен соң екі аптадан кейін бұрынғы қызметіне қайта оралған.

    Жастардың мұндай шешіміне ең алдымен жауапкершілік пен сыйақы арасындағы айырмашылық әсер етеді. Кей қызметкерлер басшылық қызметте бірнеше бағытқа бір мезетте жауап беруге тура келетінін, алайда жалақының айтарлықтай өспейтінін айтады. Сол себепті олар мансаптық өсуді тек лауазыммен емес, кәсіби дағды, табыс пен өмір сапасының жақсаруымен өлшеуге бейім.

    Бұл үрдіс Қытаймен ғана шектелмейді. Robert Walters рекрутинг компаниясының 2024 жылғы сауалнамасында Z буыны өкілдерінің 52%-ы орта буын менеджері болғысы келмейтінін айтқан. Ал 72%-ы басқа адамдарды басқарудан гөрі жеке кәсіби дағдыларын дамытып, сол арқылы мансап құруды жөн көрген. Респонденттердің 69%-ы орта буын басшыларының жұмысын «күйзелісі көп, қайтарымы аз» деп бағалаған.

    Сарапшылардың пікірінше, бұл жастардың мансаптан немесе дамудан бас тартқанын білдірмейді. Керісінше, олар жоғары лауазымның қосымша жауапкершілігі жалақы, өкілеттік және кәсіби мүмкіндікпен сәйкес келуін талап ете бастады. Мұндай өзгеріс компанияларды дәстүрлі мансаптық өсу жүйесін қайта қарауға итермелеуі мүмкін.

    Previous ArticleТомат пастасы зейін мен есте сақтау қабілетін жақсартуы мүмкін
    Next Article Алматы облысында жылына 120 мың тонна астық өңдейтін кешен салынып жатыр
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.