Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады
    Жаңалықтар

    Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова09.09.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Шығыс Қазақстан облысында заманауи балық өсіру және балық өнімдерін өңдеу өндірісін қамтитын кешенді инвестициялық жоба іске асырыла бастады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Жобаны «Zaisan See» серіктестігі қолға алады. Кәсіпорын көксерке, шортан, алабұға сынды басқа да балық түрлерін заманауи қарқынды технологиялар арқылы өсіруден бастап, оларды бастапқы өңдеу, салқындатылған және мұздатылған өнім өндіру, сақтау, қаптау және ішкі әрі сыртқы нарықтарға өткізуге дейінгі толық өндірістік тізбекті қамтамасыз етеді.

    Жобаға 6 млн еуроға дейін инвестиция салу жоспарланған. Оған Польша Республикасынан шетелдік инвестор тартылды.

    Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 2 мың тонна дайын өнімге есептелген. Өндіріс орнында 100 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

    Кешеннің бірінші кезеңін 2027 жылғы тамызда пайдалануға беру жоспарланған. Жобаны іске асыру нәтижесінде отандық балық өнімдерін өндіру көлемі артып, терең өңделген өнім түрлері кеңейеді. Сонымен қатар өңірде жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджетке түсетін салық түсімдері ұлғаяды.

    Жоба аясында ресурсты үнемдейтін заманауи технологияларды енгізуге ерекше мән беріліп отыр. Бұл өндіріс тиімділігін арттыруға, су және басқа да өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге қазақстандық балық өнімдерінің экспорттық нарықтарға шығуына қосымша жағдай жасалады.

    Алдағы уақытта кәсіпорынның балық өнімдерін өңдеу қуатын кезең-кезеңімен арттыру және салаға қажетті білікті мамандарды даярлау жүйесін дамыту жоспарланып отыр. Кәсіпорын базасында жастардың тиісті мамандықтар бойынша тәжірибелік білім алуына мүмкіндік жасау және балық шаруашылығы саласының кадрлық әлеуетін қалыптастыру көзделеді.

    Previous Article«Қазір жұмыс осы»: Сәкен Майғазиев немересімен видео жариялады
    Next Article «Айгүл» ансамблінің негізін қалаған белгілі әнші 81 жасында өмірден өтті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.