Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Айгүл» ансамблінің негізін қалаған белгілі әнші 81 жасында өмірден өтті
    Жаңалықтар

    «Айгүл» ансамблінің негізін қалаған белгілі әнші 81 жасында өмірден өтті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова09.09.202612 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    ашық дереккөзден

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, әнші-композитор Ағайша Исағұлова өмірден өтті, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Ағайша Шермұхамбетқызы Исағұлова 1945 жылғы 12 ақпанда Талдықорған өңіріндегі Ескелді ауданында дүниеге келген. 1967 жылы қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін тәмамдап, кейін осы оқу орнында ұстаздық қызмет атқарды.

    Кәсіби музыкант, баяншы әрі колоратуралық сопрано иесі Ағайша Исағұлова 1968 жылы «Айгүл» вокалды-аспаптық ансамблін құрды. Ұжым кейін Кеңес Одағы көлемінде және шетелдерде танымал болды.

    1978–1979 жылдары ол «Шаттық жыры» ансамблін ұйымдастырды. Ал 1992 жылы Галина Карамолдаевамен бірге «Өнер – жастан» студенттік опера театрын ашты.

    Ағайша Исағұлова 2001 және 2003 жылдары Майра Уәлиқызы Шамсутдинова атындағы халықаралық байқауларды ұйымдастыруға атсалысты. Ол республикалық және халықаралық өнер бәйгелерінің лауреаты атанып, екі рет «Үздік музыка мұғалімі» атағына ие болған.

    Дінмұхаммед Қонаев та оның өнеріне жоғары баға берген.

    «Мен қазақтың екі-ақ қызын білемін. Біріншісі – Хафиза Әбуғалиева аккордеонмен ән салушы еді, екіншісі қарындасым Ағайша – баянда ойнап ән айтады. Бұл қыздар елімізге келген біртуар таланттар ғой», – деген ол.

    Композитор ретінде Ағайша Исағұлова 2001 жылы Ж. Жақыпбаевтың сөзіне жазылған «Көкпар» әнімен «Жаңа ғасырға – жаңа ән» республикалық байқауында Гран-при иеленді. Бұл шығарма кейін оның шығармашылық визиттік картасына айналды.

    Өнер иесі Қазақстаннан бөлек Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Польша, Түркия және басқа да елдерде өнер көрсетті. Сондай-ақ Ескелді және Кербұлақ аудандарының құрметті азаматы атанды.

    2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ағайша Исағұловаға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын берді.

    Марқұммен қоштасу рәсімі 10 қыркүйекте Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өтеді.

    Previous ArticleШығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады
    Next Article Ақтауда жол үстіндегі төбелес видеоға түсіп қалды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.