Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматыда жол талғамайтын көлікті тізгіндеген оқушы үйдің қоршауын қиратты
    Жаңалықтар

    Алматыда жол талғамайтын көлікті тізгіндеген оқушы үйдің қоршауын қиратты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова01.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    видеодан скриншот

    Алматының Түрксіб ауданында кәмелетке толмаған жасөспірім тізгіндеген Nissan Patrol көлігі жеке үйдің темір қоршауына соғылды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 10 шамасында болған. Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім Тоқтағұл көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Артиллерия көшесімен қиылыста көлікті басқара алмай қалған.

    «Жасөспірім Тоқтағұл көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Артиллерия көшесімен қиылыста ол тізгінге ие бола алмай, темір қоршауға соғылған», – деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

    Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ.

    Қазіргі уақытта Түрксіб аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

    Полиция мәліметінше, жасөспірімнің ата-анасы да жауапқа тартылады. Себебі олар кәмелетке толмаған баланың көлік тізгініне отыруына жол берген.

    Previous ArticleҚызылордада жол-көлік инфрақұрылымы жаңарып келеді
    Next Article Тараздық қазақ қызы Дубайда жапон жігітімен танысып, махаббат хикаясын бөлісті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда кәсіпкер грант ретінде бөлінген 297 миллион теңгені жымқырып, лизингке көліктер алған

    20.11.2026

    Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтардың жалақасы қаншалықты өседі

    20.11.2026

    Енді қазақстандық салық төлеушілерге алдағы төлемдер туралы автоматты түрде хабарлама келеді

    20.11.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 675 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.