Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»ШҚО-да полицейлер кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған 2 жұмысшыны құтқарып қалды
    Жаңалықтар

    ШҚО-да полицейлер кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған 2 жұмысшыны құтқарып қалды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова20.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Polisia.kz


    Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде полицей өз өмірін қатерге тіге отырып, «Молодежный» КМК-нің екі жұмысшысын құтқаруға көмектесті, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    20 тамыз күні шамамен сағат 14:30-да «Молодежный» КМК-нің екі жұмысшы Қасым Қайсенов кентіндегі №11 үйдің маңында кәріз құбырларын тазалау жұмысын жүргізген.

    Жұмыс барысында ер адамдардың бірі кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған. Әріптесіне көмектеспек болған екінші жұмысшы да артынан түсіп, ол да есінен айырылған.

    Оқиғаны Ұлан ауданының криминалисі Асет Нағашбаев байқап қалған. Ол сол маңнан өтіп бара жатып, кәріз құдығы жанындағы адамдардың дабылға толы айқайын естіп, дереу учаскелік полиция инспекторына хабар берген.

    Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Нұрдәулет Тетепов жетті. Әр секундтың маңызды екенін түсінген ол кідірместен арқан сұратып алып, оны бекітіп, кәріз құдығына түскен.

    Өз өміріне төнген қауіпке қарамастан, полицей әрекетін тоқтатпады. Ол санаулы минут ішінде алдымен бір жұмысшыны, кейін екіншісін шығаруға көмектескен. Одан соң екі азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

    Previous ArticleҚырғызстанда жер сілкінді
    Next Article «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.