Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Екі аяғынан айырылып қалған ер адам дәрігерлердің арқасында 20 айдан кейін қайта жүріп кетті
    Жаңалықтар

    Екі аяғынан айырылып қалған ер адам дәрігерлердің арқасында 20 айдан кейін қайта жүріп кетті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова18.08.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: pexels.com


    Қытайда хирургтер ауыр өндірістік жарақаттан кейін екі аяғынан жамбас тұсынан бастап толықтай зақымданған 51 жастағы ер адамға күрделі операция жасап, аяқтарын сақтап қалды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Басылым мәліметінше, бұл – осындай ауыр жарақаттан кейін науқастың қайта жүре бастаған әлемдегі алғашқы жағдайлардың бірі.

    Цзян есімді ер адам 2024 жылғы 2 желтоқсанда Қытайдың Сучжоу қаласында өндірісте ауыр жарақат алған. Апат салдарынан оның екі аяғы да жамбас аймағынан бастап қатты зақымданған.

    Науқас Сучжоу ортопедиялық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер аяқтарын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған. Күрделі операция шамамен сегіз сағатқа созылған.

    Ота барысында хирургтер сүйектерді, қан тамырларын, жүйкелерді және басқа да зақымданған тіндерді қалпына келтірген. Бұл ретте донорлық аяқ қолданылмаған, дәрігерлер науқастың өз аяқтарын сақтап қалуға тырысқан.

    Алайда емдеу бір операциямен аяқталмады. Оңалту кезеңінде науқаста невроз пайда болып, оған тағы бірнеше хирургиялық араласу қажет болған.

    Сондай-ақ сүйектердің бітісуінде қиындықтар туындағандықтан, дәрігерлер сүйек пластикасын жасап, екі сан сүйегінің ішкі бекітілуін түзеткен.

    Жарақат алғаннан кейін 20 ай өткен соң ер адам қайтадан жүре алатын деңгейге жетті. Қазір ол қозғалу үшін балдақ пен басқа да тірек құралдарын пайдаланады.

    Соған қарамастан, науқас күнделікті тұрмыстық жұмыстарын өздігінен атқара алады. Оның аяқтарындағы сезімталдық та біртіндеп қалпына келіп, тобықтан жоғары аймаққа дейін жеткен.

    Дәрігерлер науқастың еміндегі ең қауіпті кезең артта қалғанын айтады. Енді негізгі назар оның әрі қарайғы оңалуына аударылып отыр.

    Previous ArticleСот Әділет Зейнелдің жәбірленуші болудан бас тарту туралы өтінішін қанағаттандырмады
    Next Article Қостанай облысында 71 жастағы әйел төртінші қабаттан құлап қаза болды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.