Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қостанай облысында 71 жастағы әйел төртінші қабаттан құлап қаза болды
    Жаңалықтар

    Қостанай облысында 71 жастағы әйел төртінші қабаттан құлап қаза болды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова18.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: pixabay.com


    Қостанай облысының Лисаковск қаласында 71 жастағы әйел көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлап, көз жұмды, деп salemnews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қайғылы жағдай 16 тамызда қаланың 4-шағынауданында болған. Оқиға туралы ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті растады.

    Белгілі болғандай, егде жастағы әйел төртінші қабаттағы терезеден құлаған. Алған жарақаттарының салдарынан ол қаза тапқан.

    Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

    «Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр және бақылауда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

    Әзірге әйелдің қандай жағдайда терезеден құлағаны және оқиғаға не себеп болғаны туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.

    Previous ArticleЕкі аяғынан айырылып қалған ер адам дәрігерлердің арқасында 20 айдан кейін қайта жүріп кетті
    Next Article Тез байығысы келген қазақстандық әйел 10 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.