Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Түркістан облысында жасырын босанып, сәбиін шұңқырға тастаған әйел сотталды
    Жаңалықтар

    Түркістан облысында жасырын босанып, сәбиін шұңқырға тастаған әйел сотталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова15.08.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: pixabay.com


    Түркістан облысының Сайрам аудандық соты жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты қылмыстық істі қарады. Сотталушы жүктілігін туыстарынан жасырып, босанғаннан кейін сәбиді шұңқырға тастаған деп танылды, деп salemnews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Сот материалдарына сәйкес, әйел 2025 жылдың сәуірінде жүкті болған. Ол жүктілігін жақындарынан жасырған, медициналық есепке тұрмаған және дәрігерлердің бақылауынан өтпеген.

    2025 жылдың желтоқсанында жүктіліктің тоғызыншы айында ол Сайрам ауданындағы үйінің ауласында орналасқан дәретханада тірі бала босанған.

    Соттың мәліметінше, босанғаннан кейін әйел жаңа туған сәбиді дәретхана шұңқырына тастаған. Бұдан кейін нәрестені құтқаруға әрекет жасамаған және босану фактісін жасыру мақсатында оның үстіне құм, тас пен топырақ төккен.

    Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады. Мемлекеттік айыптаушы оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

    Сот әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

    Previous ArticleПавлодарда 18 жастағы жігіт суға батып кетті
    Next Article Ақын Бекжан Әшірбаев өмірден өтті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.