Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақын Бекжан Әшірбаев өмірден өтті
    Жаңалықтар

    Ақын Бекжан Әшірбаев өмірден өтті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова15.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Жазушылар одағы


    Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды salemnews.kz Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Бекжан Төребекұлы Әшірбаев 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының «Ленин жолы» ұжымшарында дүниеге келген.

    1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін үздік бітірген. Сол жылдан бастап аталған білім ордасында қызмет атқарып, журналистика саласында елеулі еңбек етті.

    Қазақстан Жазушылар одағының Басқармасы марқұмның туған-туысқандары мен жақындарына, қалың оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады, – делінген хабарламада.

    Бекжан Әшірбаев әр жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың республикалық «Қазақ университеті» газетінің бас редакторы, «Azamat.kz» қоғамдық-саяси апталығы бас редакторының бірінші орынбасары, «Ел мен Жер» қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы, «Жас қазақ үні» газеті бас редакторының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

    Ол Қазақстан Журналистер одағының мүшесі болды. Ақынның топтама өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Жас қазақ үні», «Azamat.kz», «Парасат» басылымдарында жарық көрді.

    2008 жылы «Жазушы» баспасынан мемлекеттік тапсырыс аясында оның «Қоңыр әуен» өлеңдер кітабы жарық көрді. Сондай-ақ ол өзге де жыр жинақтарының авторы.

    Previous ArticleТүркістан облысында жасырын босанып, сәбиін шұңқырға тастаған әйел сотталды
    Next Article Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.