Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді
    Жаңалықтар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова14.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Экология министрлігі


    13 тамызда Қазақстанның орман қоры аумағында 8 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Өрттің екеуі Шығыс Қазақстан облысында, екеуі Қостанай облысында, біреуі Қарағанды облысында шыққан. Сонымен қатар Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында бір-бірден өрт анықталды.

    Мамандардың мәліметінше, өрт ошақтары әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауы арқылы уақытылы белгілі болған.
    Өртті ауыздықтауға мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары мен арнайы техникалары және басқа да күштер жұмылдырылды.

    Жедел жүргізілген жұмыстардың арқасында жалынның елді мекендерге және орман алқаптарына таралуына жол берілмеді. Қазір мамандар өрт ошақтарын оқшаулап, толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ахуал бақылауда.

    Previous ArticleШымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    14.08.2026

    «Жатқан жеріңіз жайлы болсын»: Толқын Забирова жақын адамының өмірден өткенін жеткізді

    13.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.