Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Қаншама ұйқысыз түндер болды»: Дариға Бадықова жеке өмірі туралы құпиясын айтты
    Жаңалықтар

    «Қаншама ұйқысыз түндер болды»: Дариға Бадықова жеке өмірі туралы құпиясын айтты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова07.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова өзінің қаржылық жағдайы мен табысқа жету жолы туралы пікір білдірді. Өнер иесі жетістіктің артында ұзақ жылғы еңбек, тәуекел және ішкі түйсік тұрғанын айтты, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Дариға Бадықованың сөзінше, қоғамда оның қысқа уақытта байып кеткені туралы пікірлер айтылып жүр. Алайда актриса мұнымен келіспейтінін жеткізді.

    «Бадықова тез байып кетті» деген сөздерді естіп қаламын. Ешқандай да тез байыған жоқпын. Осы өнерде 28 жыл еңбек еттім. Қаншама ұйқысыз түндер болды. Қорғансыз қалған кездерім де кездесті. Көп шешімді өзім қабылдап, оның дұрыс-бұрыстығына күмәнданған сәттерім аз емес», – деді ол.

    Актриса өз өмірінде интуицияға да үлкен мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, кей жағдайларда ішкі түйсік дұрыс шешім қабылдауға көмектескен.

    Сонымен қатар Дариға Бадықова жетістіктің басты негізі ретінде адал еңбек пен адамның өз ұстанымына берік болуын атады.

    «Маған берілген бақ-дәулетті мойындағыларың келмей ме? Осы өнер арқылы біраз жерге жеткенімді туып-өскен елім біледі. Мен біреуге бермесем, алмаймын», – деді актриса.

    Өнер иесі қазіргі деңгейіне бір күнде емес, ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибе мен еңбектің арқасында жеткенін айтты.

    Previous Article«Тәуелсіздік ұрпақтары – 2026» грантының иегерлері анықталды
    Next Article Курорттағы қорық қызметкерін жабайы жолбарыс талап тастады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-та бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

    08.08.2026

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

    08.08.2026

    Павлодарда қайғылы жағдай болды

    08.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.