Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Курорттағы қорық қызметкерін жабайы жолбарыс талап тастады
    Жаңалықтар

    Курорттағы қорық қызметкерін жабайы жолбарыс талап тастады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова07.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: depositphotos.com


    Таиландтағы ірі қорықтардың бірінде жабайы жолбарыстың шабуылынан 48 жастағы қорық қызметкері қаза тапты. Оқиғадан кейін аумақ туристер үшін уақытша жабылған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қайғылы жағдай Huai Kha Khaeng Wildlife Sanctuary қорығында болған.

    5 тамыз күні қорықшы Сакарин Вичаджан жастар лагерінің таңғы жиынына келмеген. Осыдан кейін әріптестері оны іздеуге кіріскен.

    Қызметкер тұратын үй қарауыл бекетінен шамамен 200 метр жерде орналасқан. Үйдің ішінен ешкім табылмағанымен, оның ұялы телефоны мен жеке заттары сол жерде қалған. Сондай-ақ москит торының зақымданғаны байқалған.

    Үй маңынан ірі жыртқыштың жемтігін сүйрегеніне ұқсайтын іздер табылған.

    Көп ұзамай іздеу тобы қорық қызметкерінің денесін үйінен шамамен 200 метр жердегі орман ішіндегі жылғадан тапқан.

    Жергілікті билік мәліметінше, марқұмның денесінде жыртқыштың тісі мен тырнағынан қалған жарақаттар болған. Оқиға орнынан ірі жолбарыстың жаңа іздері де анықталған.

    Таиландтың Ұлттық саябақтар департаментінің басшысы Аттафон Чароенчанса шабуылды жабайы жолбарыс жасағанына күмән жоқ екенін мәлімдеді.

    Huai Kha Khaeng қорығы Таиландтағы жабайы жолбарыстар ең көп мекендейтін аумақтардың бірі саналады.

    Оқиға орнында полиция қызметкерлері де жұмыс істеп, жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға кіріскен.

    Previous Article«Қаншама ұйқысыз түндер болды»: Дариға Бадықова жеке өмірі туралы құпиясын айтты
    Next Article Қарағандыда кездесуден кейін жоғалып кеткен қыз табылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-та бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

    08.08.2026

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

    08.08.2026

    Павлодарда қайғылы жағдай болды

    08.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.