Фото: istockphoto
Каспий теңізінде магнитудасы 3,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.
Әзербайжан Республикасының Сейсмологиялық қызметі республикалық орталығының Жер сілкіністерін зерттеу бюросының мәліметінше, жерасты дүмпулері 26 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 03:04-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жарияланған жоқ.
