Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Оралда Ұлттық ұланның болашақ офицерлері өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр
    Жаңалықтар

    Оралда Ұлттық ұланның болашақ офицерлері өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова21.07.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Ұлттық ұлан


    Оралдағы 5517 әскери бөлімде Ұлттық ұланның Петропавлдағы Әскери академиясының 3-курс курсанттары өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Болашақ офицерлер үшін бұл – аудиторияда алған теориялық білімді әскери бөлімнің күнделікті қызметімен ұштастыратын маңызды кезең.

    Бүгінде әскери бөлімде 12 курсант тәжірибеден өтуде. Олар үш жыл бойы меңгерген әскери білімдерін іс жүзінде шыңдап, жауынгерлік даярлық сабақтарын ұйымдастыру, жеке құраммен жұмыс жүргізу, әскери құжаттарды рәсімдеу және бөлімнің қызметін ұйымдастырудың қыр-сырын меңгеріп жатыр. Сонымен қатар жас сарбаздармен оқу-жаттығу сабақтарын өткізіп, болашақ офицерге қажетті басқарушылық дағдыларын жетілдіруде.

    Курсанттар әртүрлі әскери мамандықтар бойынша білім алуда. Олардың қатарында инженерлік қамтамасыз ету, байланыс және тылдық қамтамасыз ету бағытында оқып жүрген болашақ офицерлер де бар. Практика барысында әрқайсысы өз мамандығына сәйкес әскери бөлімнің қызметіне араласып, нақты міндеттерді орындау арқылы кәсіби тәжірибе жинақтап жатыр.

    Практикаға қатысушылардың бірі, Әскери академияның 3-оқу батальонының курсанты Артур Шалқарұлы, тәжірибенің маңыздылығына тоқталды.

    – Әскери академияда алған білімімізді нақты әскери бөлім жағдайында тәжірибемен ұштастыру – болашақ офицер үшін үлкен мектеп. Мұнда біз жеке құраммен жұмыс істеуді, қойылған тапсырмаларды орындау мақсатында дұрыс шешім қабылдауды үйренудеміз. Осындай тәжірибе бізді ертеңгі офицерлік қызметке жан-жақты дайындайды, – деді курсант.

    Курсанттардың өндірістік тәжірибесі 31 шілдеге дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде олар әскери қызметтің барлық негізгі бағыттарымен танысып, өздерінің теориялық даярлығын тәжірибемен бекітеді.

    Previous ArticleҚазақстандық оқушылар Қытайдағы математикалық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды
    Next Article Қарағандыда 67 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті ұсталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.