Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қарағандыда 67 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті ұсталды
    Жаңалықтар

    Қарағандыда 67 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті ұсталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова22.07.202612 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: polisia.kz


    Қарағандыда полицейлер қарақшылық шабуыл мен ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын жедел түрде қолға түсірді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Күдіктінің әрекеті бірнеше қылмыстық эпизодқа қатысы бар екенін тергеу барысында анықталды. Оқиға дүйсенбі күні күндіз болған. 67 жастағы қала тұрғыны дүкеннен үйіне қайтып келе жатқанда, артынан жүгіріп келген белгісіз ер адам оның мойнындағы алтын алқаны жұлып алып, ізін суытқан. Жәбірленуші келтірілген материалдық шығынды 400 мың теңгеге бағалады.

    Зейнеткер бірден полицияға хабарласып, күдіктінің сыртқы келбетін егжей-тегжейлі сипаттап берген. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары алынған бағдар бойынша күдіктінің жеке басын және жүрген жерін қысқа мерзімде анықтап, оны ұстады.

    Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, ұрланған алтын алқаны ломбардқа өткізіп үлгерген. Алайда полиция қызметкерлері зергерлік бұйымды айғақты зат ретінде тәркілеп, қайтарып алды.

    Тергеу барысында күдіктінің бұл қылмысқа алдын ала дайындалмағаны, бірақ оған дейін велосипед ұрлағаны белгілі болды. Ұрланған велосипедпен келе жатып, мойнында алтын алқасы бар зейнеткерді байқап, көлікті жақын маңдағы аулалардың біріне қалдырады.

    Содан кейін әйелге шабуыл жасап, алтын алқасын жұлып алып, қайтадан велосипедке мініп, оқиға орнынан қашып кеткен.

    Қазіргі уақытта ұрланған велосипедтің заңды иелері анықталып, өз мүлкін таныды. Күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңіне уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда. Полицейлер оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

    Previous ArticleОралда Ұлттық ұланның болашақ офицерлері өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр
    Next Article Қазақстанда 4 739 адам ағза трансплантациясын күтуде
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.