Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ер адам әйелімен ажыраспау үшін балгерге барып, оны дуалауға тырысқан
    Жаңалықтар

    Ер адам әйелімен ажыраспау үшін балгерге барып, оны дуалауға тырысқан

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова17.07.202622 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөзден


    АҚШ-та 44 жастағы Ларри Миллете бес жыл бұрын жоғалып кеткен жұбайы Майя Миллетенің өліміне кінәлі деп танылды. Тергеу дерегінше, ер адам әйелінің ажырасу туралы шешімін өзгерту үшін балгерлердің көмегіне жүгінген​​​​​​​, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Майя Миллете 2021 жылғы 7 қаңтарда із-түзсіз жоғалған. Бұған дейін ол күйеуіне ажырасуға арыз беретінін хабарлаған.

    Сондай-ақ әйел жақындарына отбасындағы қысым туралы айтып, адвокаттан кеңес алуға жазылған.

    Тергеушілердің мәліметінше, Ларри Миллете некесін сақтап қалуға тырысып, әйелін райынан қайтару үшін балгерлерге жүгінген. Ол түрлі дуалау және арбау рәсімдерін жасатуға әрекеттенген.

    Бұл әрекеттер нәтиже бермегеннен кейін ер адам интернеттен жұбайын жарақаттау және әрекетке қабілетсіз ету жолдары туралы ақпарат іздеген деген қорытынды жасалған.

    Полиция ерлі-зайыптының үйінен аса улы өсімдік тапқан. Тергеу барысында айыпталушының бұған дейін осы өсімдік туралы интернеттен мәлімет іздегені анықталған.

    Бейнебақылау камералары Майя жоғалғаннан екі күн өткен соң Ларридің туысына тиесілі көлікке мұздатқыш тиелген сәтті түсіріп алған.

    Алайда әйелдің үйден өз еркімен шыққанын көрсететін ешқандай бейнежазба табылмаған.

    Көршілердің бақылау камераларына Майя жоғалған түні бірнеше қатты соққыға ұқсас дыбыстар жазылып қалған.

    Әйелдің денесі әлі күнге дейін табылған жоқ.

    Айыпталушының адвокаттары қылмысты Майяның көңілдесі жасауы мүмкін деген нұсқа ұсынған. Алайда күдікке ілінген ер адамның сол уақытта баласының дүниеге келуіне қатысқаны анықталып, алибиі расталған.

    Сот Ларри Миллетені әйелін өлтірді деп кінәлі деп таныды.

    Оған тағайындалатын жаза кейінірек жарияланады.

    Previous ArticleЖүргізуші куәлігін алып беремін деген танысына сенген жігіт 6,6 млн теңгесінен айырылды
    Next Article Астана маңындағы демалыс орнында бассейн суына алты жасар бала батып кетті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.