Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Алып кетші, өлетін болдым»: Таразда перзентханада көз жұмған әйелдің соңғы жазбасы жария болды
    Жаңалықтар

    «Алып кетші, өлетін болдым»: Таразда перзентханада көз жұмған әйелдің соңғы жазбасы жария болды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова11.07.202612 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Видеодан скриншот


    Таразда жас босанған келіншек қанға түскен қауіпті инфекциядан қайтыс болды. Облыстық перинаталды орталықта ота арқылы босанған әйелдің екі күннен кейін қызуы көтеріліп, жағдайы күрт нашарлаған. Он күннен астам ес-түссіз жатқан келіншек жансақтау бөлімінде көз жұмған. Марқұмның туыстары бұл жайтқа дәрігерлер салғырттығы себеп болды деп айып тағып отыр, деп хабарлайды salemnews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Перзентханаға «өз аяғымен келіп, ауру тапты» деген марқұмның туыстары дәрігерлер отаны «салғырт жасаған» деп отыр. Олар айы күні жетіп тұрған әйелге ота жасауға ақша талап еткен деп айыптауда. Марқұмның туыстары науқастың денсаулығын ойламай, қаражат талап еткен перзентхана ұжымы «тиісті жазасын алғанын» қалайды.

    «Бұл жерден басқа жаққа мені тез алып кетші, үш күн сусыз жатырмын. Алып кетші, өлетін болдым. Аппаратта жатқанда жазып берді, өз қолымен, сөйлей алмағандықтын».

    Бұл —  Ұлбосын Қарасаеваның бір күн бұрын жолдасына жазып кеткен хаты. Облыстық перенитал орталықтың маңын торуылдап жүргеніне бір ай болған марқұмның туыстары соңғы сәтке дейін оның өмірден үмітін үзбегенін айтады. Олардың айтуынша, жүкті әйелді перзентханаға алдын ала алып келгенде, дәрігерлер өз күшімен босанады деп,  оны үйіне қайтарып жіберіпті. Алайда айы-күні жетіп, жүктіліктің 40 аптасынан асқан кезде дәрігерлер баланың «салмағы үлкен» деп, ота жасауға бағыттаған.

    Марқұмның жақындары дені сау әйелге қауіпті кесел «перзентханадан жұқты» деп отыр. Олар дүние есігін ашқан нәрестенің денсаулығы жақсы екенін айтады. Егер әйелдің жатырында қауіпті инфекция бұрыннан бар болса, сау бала босанбайтын еді дейді.

    «Өз аяғымен алып келдім, көлігіммен алып келіп кіргіздім, Жағдайы жақсы еді. Оған дейін төртеуін өзіміздің перзентханада өзі босанған. Бесіншісін кесір тілігіне жіберіп, осындай жағдайға түсті», — дейді марқұмның күйеуі Елдос Есеев.

    Қайғыдан қара жамылған отбасы өз ісіне салғырт қараған медицина қызметкерлері «тиісті жазасын алсын» дейді. Ал облыстық денсаулық басқармасының мамандары ана өліміне қатысты істі тексеру үшін жұмыс тобы құрылғанын айтады.

    «Медицина және фармацевтиканы бақылау комитеті тарапынан тексеру жүргізіледі және Жамбыл облысы әкімдігі, Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қызметтік тергеп-тексеру жүргізу үшін жұмыс тобы құрылады. Ана өлімінің себебі туралы түпкілікті қорытынды сот-медицина сараптамасының нәтижелері алынғаннан кейін белгілі болады», — дейді Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айжан Терлікбаева.

    37 жастағы келіншектің артында бес баласы қалды. Мұндай қайғылы оқиға биыл облыстық перинаталдық орталықта екінші мәрте тіркеліп отыр.

    Previous ArticleТаразда кесарь тілігінен кейін жағдайы күрт нашарлаған бес баланың анасы көз жұмды
    Next Article Елімізде бір күнде төрт орман өрті тіркелді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.