Фото: instagram.com/erkebulan_toktar
Алматыда өтіп жатқан IBA Nomad 15 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар ресейлік Артем Тарасовты нокаутпен жеңді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.
Жартылай орта салмақтағы кездесу үш раундқа есептелгенімен, айқас ұзаққа созылған жоқ.
Еркебұлан Тоқтар бірінші раундтың алғашқы минуттарында-ақ жойқын хук жасап, қарсыласын нокаутқа түсірді. Соққыдан кейін Артем Тарасов біраз уақытқа дейін орнынан тұра алмай, төреші кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
