Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Тараздан қыз алып қашқан алматылық үш жігіт бас бостандығынан айырылды
    Жаңалықтар

    Тараздан қыз алып қашқан алматылық үш жігіт бас бостандығынан айырылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова24.06.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    istockphoto.com


    Өткен жылдың қазан айында Тараз қаласында Алматы облысының үш тұрғыны 19 жастағы қызды некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашқан, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Аталған факті бойынша Тараз қаласы Әулиеата ауданының полиция бөлімі ҚРҚК-нің 125-1-бабы 2-бөлігінің 1) және 4) тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

    Тергеу барысында жәбірленушінің бес жылдан астам уақыт бойы алып қашуды ұйымдастырған азаматпен жақын қарым-қатынаста болғаны, алайда оған тұрмысқа шығудан бас тартқаны анықталды. Қыздың бірнеше мәрте бас тартуына қарамастан, ер адам оны алып қашуды ұйымдастыруға шешім қабылдап, қылмысты жасауға таныстарын тартқан.

    Осылайша, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып әрекет еткен үш күдікті күш қолданып, күндізгі уақытта жәбірленушіні алып кеткен.

    Сот талқылауы барысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Тараз қаласының №2 сотының 2026 жылғы 4 мамырдағы үкімімен олар адамды некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашқаны үшін кінәлі деп танылды.

    ҚР ҚК-нің 63-бабы қолданылып, үш сотталушының әрқайсысына үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Прокуратура адамды некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашу, қандай да себептер мен қалыптасқан дәстүрлерге қарамастан қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын әрекет екенін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа тартылатынын ескертеді.

    Previous ArticleҚазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында Олимпиада чемпиондарын жеңіп, алтын медаль иеленді
    Next Article Қасым-Жомарт Тоқаев Mediterranean Shipping Company аға вице-президенті Эдуард Зигристті қабылдады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.