Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Щучинск кафесіндегі жарылыстан аман қалған адам оқиға туралы айтты
    Жаңалықтар

    Щучинск кафесіндегі жарылыстан аман қалған адам оқиға туралы айтты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова26.06.202612 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Видеодан скриншот


    Щучинск қаласында дәмханадағы жарылысқа қатысты іс бойынша сот процесі басталды. Алғашқы сот отырысында жәбірленуші тарап тыңдалды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

    Телеарна мәліметінше, қайғылы оқиғаға қатысты айыпталушылардың бірі – «Центр плова» дәмханасының 39 жастағы иесі. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін автогаз құю станциясының директоры да жауап беруде.

    Айыпталып жатқан үшінші адам – баллон жеткізуші үй қамаққа алынған. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді.

    Дәмхана иесі болған жайтқа қатысты түсініктемесін кейінірек толық айтып беруге рұқсат сұрады.

    Алғашқы сот отырысында жәбірленушілер көзіне жас алып, өткенді еске алды.

    «Қазір жағдайым жақсы. Қолым жазылып келеді. Соттан әділ шешім күтеміз. Өрт болмастан, 20 минут бұрын тамақтануға келген едік. Тамаққа тапсырыс беріп отырдық. Өрт болғанда тек көзім мен бетімді жауып үлгердім. Басқа ештеңе есімде жоқ. Ауруханада 35 күн жаттым. Оның бәрін есіме алғым келмейді», — деді жәбірленуші Сайлау Рахымжанов.

    Прокурордың айтуынша, жарылыс газ баллондарын толтыру мен қолдану талапқа сай жүргізілмегендіктен болды.

    «Х.М. өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапты тұлға бола тұра, оларды бұзды. Яғни абайсызда ауыр зардаптарға, адам денсаулығына ауыр зиян келуіне және екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқты деген айып тағылуда. В. Д. мен Ж. С. тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызметтерді көрсету, яғни абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына зиян келуіне, сондай-ақ адам өліміне әкеп соқтырған қылмысты жасады», — деді прокурор Елена Сайлаубекова сот отырысында.

    Previous ArticleАсылым Жақия жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
    Next Article Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің күміс жүлдесін иеленді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.