Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Шахматшы Бибісара Асаубаева Норвегияда өткен әлемдік додада топ жарды
    Жаңалықтар

    Шахматшы Бибісара Асаубаева Норвегияда өткен әлемдік додада топ жарды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова04.06.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    FIDE баспасөз қызметі. Суретте: Бибісара Асаубаева


    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы беделді Norway Chess турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Ол жеңісті тоғызыншы турда украиналық шахматшы Анна Музычукке қарсы партиядан кейін қамтамасыз етті. Классикалық партия тең аяқталған соң, қарсыластар армагеддон ойнады. Дегенмен осы кездесуде жинаған ұпай Асаубаеваға турнир аяқталуына бір тур қалғанда бірінші орынды мерзімінен бұрын иеленуге жеткілікті болды.

    Соңғы турдың алдында Бибісара Асаубаева 16,5 ұпаймен турнир кестесінде сенімді түрде көш бастап тұр. Оның ең жақын қарсыласы Анна Музычук 11,5 ұпай жинаған.

    Одан кейінгі орындарда үндістандық шахматшы Дивья Дешмух пен Қытай өкілі Чжу Цзиньэр орналасқан. Екеуінің де еншісінде 10 ұпайдан бар. 

    Енді Асаубаева соңғы турды жарыстың мерзімінен бұрын жеңімпазы ретінде өткізеді. Соңғы партияның нәтижесіне қарамастан, оның жалпы есептегі бірінші орны өзгермейді.

    2026 жыл Бибісара Асаубаеваның мансабындағы ең табысты кезеңдердің біріне айналды. Бұған дейін ол үміткерлер турнирінде екінші орын алып, Қазақстан шахматшылары арасындағы ең үздік нәтижені көрсеткен еді.

    Previous ArticleАнна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шықты
    Next Article Балуан Нұрасыл Аманалы Моңғолиядағы рейтингтік турнирдің финалына шықты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.